Жамбылдағы жастарға арналған жобалар

14.08.2019, 12:57

38

Жамбыл облысыәкімдігі облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жастар кәсіпкерлігінқолдау мақсатында бірқатар нәтижеге қол жеткізіпті. Мәселен, үстіміздегі жылдың15 мамыры мен 3 шілдесі аралығында «Бизнес – бастау» жобасымен жамбылдық 437жас кәсіпкерлік негізіне оқытылып, оның 50-і  230,8 миллион теңгекөлемінде шағын несие алған.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбековажастар жылына орай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерліктідамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы»шеңберінде жаңа бизнес идеяларды дамытуға республикалық бюджеттен 200 айлықесептік көрсеткіш мөлшерінде 329 жасқа қайтарымсыз грант ретінде 166,1 миллионтеңге қаржы бөлінгенін жеткізді. Бұл ретте бүгінгі күнге дейін 88 жас 44,4миллион теңгенің грантын жеңіп алып, шаруаларын дөңгелете бастаған. Алдағыуақытта осы мақсатта 800 жасқа 404 миллион теңге көлемінде қосымша қаржыбөлінбек екен.

Бұдан бөлек «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттікбағдарламасы аясында жастардың жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін 3 миллионтеңгеге дейін мемлекеттік грант беруге облыстық бюджеттен 303 миллион теңге,республикалық бюджеттен 21 миллион теңге, барлығы 324 миллион теңге қаржы бөлінгенібелгілі. Аталған грант бойынша ағымдағы жылдың 1 мен 12 шілдесі аралығындаконкурс өткізіліп, аудандар мен Тараз қаласынан ұсынылған 466 жастың жобаларықаралған болатын. Нәтижесінде комиссия шешімімен 158 жасқа қайтарымсыз грантбөлінді.

Сонымен қатар, осы жылдың 24 шілдесінде «Атамекен»кәсіпкерлер палатасы арқылы «Жас кәсіпкер» жобасы аясында тұрақты жұмыс орныжоқ жастар үшін қысқа мерзімді 1 айлық курс басталған болатын. Қазіргі таңда450 жас аталған курс негізінде оқытылуда екен. Курсты бітіріп, өз ісін ашамындеген жастарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы мемлекеттік грант, егероған қол жеткізе алмаса жеңілдетілген кредит алуға толықтай мүмкіндіктері барекен.

Осы орайда айта кетерлігі, жамбылдықтар осынау жобааясында жастар арасында ауыл шаруашылығын да насихаттап қалмақшы. Әрине,нәтижесін берер болса әулиеаталық жастар өз кезегінде жеке аулаларындаөндірілетін халық тұтынатын тауарларды сату мәселелерін де шешетін болады. Бұлретте өңірде облыс әкімдігі қолға алған жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытужобасы өз септігін тигізбек. Жоғарыда айтылған осынау жобалар негізіндежастардың кәсіпкерлігі едәуір алға басып, олардың жұмыссыздық салдарынанауылдан қалаға үдере көшуі саябырсиды деп күтілуде.

Фото: 24.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:05
2021 жылғы ең төменгі зейнетақы мен жалақының мөлшері анықталды
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:48
HALYK BANK ХАЛЫҚҚА ГАЗ ОРНАТТЫ
Қарлығаш Зарыққанқызы 02.12.2020, 10:04
Мұнай бағасы 20 долларға құлай ма?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 30.11.2020, 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11