Жамбылдықтар 614 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған

07.11.2019, 11:04

302

Жамбылда биыл жыл басынан бері 614 ауыл шаруашылығы техникалары сатыпалыныпты. Нәтижесінде қолда бар техникалар 7,3 пайызға жаңартылған.

Бұл ретте өңірде ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар да ауқымды. Мәселен, ағымдағы жылыауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 687,1 мың гектарға жетіп, 9,7пайызға артса, 333,5 мың гектар масақты дәнді дақылдар егін орағына түсіп, әргектардан алынған орташа өнім 23 центнерден айналыпты. Нәтижесінде 763,2 мыңтонна астық бастырылып, 92,2 мың тонна өнім артық алынған.
Жыл басынан бері салада 275,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, жоспар 104,4пайызға орындалса, оның ішінде егін шаруашылығында – 168,9 миллиард теңгенің,мал шаруашылығында 105 миллиард теңгенің өнімі өндіріліпті.
Осы салаға 22,7 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың осы кезеңіменсалыстырғандағы көрсеткіш –123,7, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі қорына 6,5миллиард теңге инвестиция салынып, 157,5 пайыз көлемінде қалыптасыпты.
«Биыл аймақта 5,6 мың гектар алқапқа қант қызылшасы егілді. Дегенмен жоғарысұрыпты тұқым себудің нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізіліп, әргектардан алынған тәтті түбір 320,2 центнерді құрап отыр. Қазіргі уақытта қантқызылшасын жинау жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін қант зауыттарына 125-130мың тонна тәтті түбір өткізу жоспарланып, болжаммен 17 мың тонна отандық қантөндіріледі деп күтілуде.
Облыста ағын суды үнемдеу және өнім көлемін арттыруға қол жеткізу мақсатындаылғал сақтау технологиясы биыл 29 мың гектар егіс алқабына енгізілсе, суүнемдеу технологияларының көлемі 20,5 мың гектар алқапқа жетіп, 12,6 пайызғаартты», — дейді Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасыныңбаспасөзге жауапты өкілі Тұңғыш ТЫНЫСБЕКҰЛЫ.
Айта кетейік, өткен жылы ауыл шаруашылығы алқаптарындағы су жүйелері менканалдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылғанмеханикалық жасақ биылғы жылы 65 шақырымды құрайтын су жүйелеріне ағымдағыжөндеу жұмыстарын жүргізіп, 4843 гектар суармалы алқап қалпына келтіріліпті.Соңғы екі жылда 6247 гектар алқап толық сумен қамтамасыз етілді дейді. Осыжұмыстардың нәтижесінде Мойынқұм ауданындағы 37 шақырымды құрайтын 7 каналпайдалануға беріліп, тары және жүгері егу жұмыстары қарқынды жүргізіле бастаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 06:23
Электромобильді кедендік бажсыз ресімдеу тәртібі туралы
Сайт әкімшілігі 23.05.2023, 15:51
Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілетін мерзім аталды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.05.2023, 09:31
Шабан жалақы, жүйрік инфляция, тепеңдеген халық
Сайт әкімшілігі 22.05.2023, 12:02
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидалары тізімін жариялады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2023, 15:45
Банкрот болдым дегенше...
Күлтегін БЕК 18.05.2023, 10:09
АҚШ-та дефолт болса, ҰЛТТЫҚ ҚОР бізді құтқара алмайды

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31