Жамбылдықтар енді өз фриін жейтін болады

24.10.2019, 09:43

185

Картоп фриі өндірісі бойынша әлемдегі ең үздік 5компанияның бірі саналатын голландиялық «Farm Frites» компаниясы Жамбылоблысында келер жылдың басында «Тараз химиялық паркі» еркін экономикалықаймағынан өз өнімдерін шығаратын зауыттың құрылысын бастамақ. Бұл туралы Жамбылоблысының әкімі Асқар Мырзахметов пен голландиялық «Farm Frites» компаниясыныңжобалық директоры Йос Ден Бурдың кездесуінде келіссөздер жүргізілді.

Голландтың кәсіпорын тамақ өнеркәсібінің алпауытысаналатын «McDonalds» мен «KFS»-ді шикізатпен қамтамасыз етіп келеді. Алғашөнімін жарты ғасыр бұрын шығарған «Farm Frites» келер жылдың басында «Таразхимиялық паркі» еркін экономикалық аймағынан картоп фриін шығаратын зауыттыңқұрылысын бастап, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап өңірімізде картоп фриінөндіре бастамақшы.
– Біздің компания Қазақстан нарығына 2015 жылыкелді. Осы аралықта біз Қазақстанның барлық аумағындағы картоп алқаптарынансынама алдық. Бұл ретте Жамбыл өңіріндегі сынама жоғары өнімділік көрсетті.Оған қоса біздің жобаға «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы қызығушылық танытып,«Тараз химиялық паркі» еркін экономикалық аймағында жұмыс жасауды ұсынды. Бізбұл ұсынысты қуана қабылдап, еркін экономикалық аймақтың мүмкіндігін зерделедік.2020 жылдың сәуір айында зауыт құрылысын бастап, 2022 жылы алғашқы картоп фриіннарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. Өндіріс орнының қуаттылығы жылына 70 мыңтоннаны құрайды, –дейді «Farm Frites» компаниясының жобалық директоры Йос ДенБур.
Компанияның өндіріске қатысты жоспарыментанысқан Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірдің зауытты шикізатпенқамтудағы жоғары әлеуетін ескеруді айтты. «Мәселен, ағымдағы жылы облыста 10мың гектар алқапқа картоп егілген. Өңір шаруалары картап алқабын сұранысқабайланысты ұлғайтуға ниетті»,- деді ол.
– Біз де өз тарапымыздан бұл жобаның тиімділігінкөріп отырмыз. Картоп фриінің өндірісі инвестициялық жоба ғана емес. Әрі ауылшаруашылығының әлеуетін көтерудің тағы бір мүмкіндігі. Жамбылдық шаруаларкомпанияны шикізаттың қажетті қорымен қамтамасыз ете алады. Оған қоса өңіргеауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу саласында заманауи жабдықталған зауыт қажет.Осы факторларды ескере отырып, біз жобаның іске асырылуын құптаймыз. Келісімдіресми түрде рәсімдеп, онда жобаны жүзеге асырудағы әкімдік жауапкершілігін деескерген жөн, –дейді А.Мырзахметов.
Әулиеата әкімі өз кезегінде голландиялықкомпания өкілдеріне картоп фриі зауытына қажетті кадрларды даярлаудыңмүмкіндіктері де қарастырылатынын жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15