Жаңаөзеннің қара алтыны

20.08.2019, 07:40

40

Қазақ мұнайының 120 жылдығы, «Өзенмұнайгаз» компаниясының55 жылдығы және Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлері күнінеорай бір топ журналист киелі мекен – Маңғыстау жеріне ат басын бұрды. Бұқаралықақпарат құралдарының өкілдері бірден «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай кәсіпшіліктерінежол тартты. Қонақтарды Жаңаөзен қаласындағы өндірістік блок ғимаратындакәсіпорын бас директоры Есен ӨТЕЕВ қарсы алды. Ол Өзен және Қарамандыбас кенорындарының ескіруіне байланысты қазіргі уақытта «қара алтынды» өндіру ісіқиындай түскенін атап өтті. Дегенмен, мұндағы дәлелденген мұнай қорының көлемі120 млн тоннаны құрайды екен. Бұл жаңа тәсілдерді қолдануды, заманауитехнологиялар мен қызметкерлерді дамытуды қажет етеді.

— Қазіргі уақытта компания мұнай өндіру деңгейін қалыптыжағдайда сақтау және ұңғымалардың жұмысын оңтайландыру үшін сынақтан өтіп, тиімділігіндәлелдей білген тәсілдерді қолдануда. Мысал ретінде жер қабатын сумен айыруәдісін келтіруге болады. Соның нәтижесінде жыл сайын 200 мың тоннадан астамқосымша өндіру көлемі қамтамасыз етіліп келеді Сонымен қатар, «Өзенмұнайгаз»кен орындарында тігінен және көлденең ұңғымаларда көп деңгейлі қабаттарды суменайыру жөніндегі жұмыстар ойдағыдай жүргізілуде. Біз мұнымен тоқмейілсімейміз.Өндірісті қарқындату үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз — деді Есен ОҒЛАНҰЛЫ.


Тілшілердің сапары қалада орналасқан «№1 ұңғымадан»басталды. Дәл осы ұңғымадан Өзен кәсіпшілігінің жұмысы бастау алған еді.Бүгінде оның жұмысы тоқтатылып, көпшілікке ашық аспан астындағы мұражай жәдігеріретінде көрсетіледі. Оның жанында Жаңаөзеннің тұңғыш мұнайшыларының есімдеріжазылған естелік тұр. Баспасөз өкілдері үшін сала майталманы, Өзен кен орныныңалғашқы бұрғышысы Болатбай Қарамұрзаевпен кездесу ұйымдастырылды. Болатбай ағаеңбек жолына 20 жасында қадам басты. Бұрғышының көмекшісі кәсібін игеріп, осыкен орынға бүкіл саналы ғұмырын арнаған жан. Ол мұнайшы әулетінің отағасы — баласы әкесінің ізін қуып, оның ісін табысты жалғастырып келеді. Еңбек ардагеріөз әріптестерін мақтанышпен еске алып, өзен мұнайының көзін ашу үшін қаншалықтыадал еңбек сіңіріп, маңдай терін төккендерін баяндады:

— Қуанышымызда шек болмады, — деп есіне алды ардагер мұнайшымыз.Сол сәттегі алғаш ойым енді өндірісті аяққа тұрғызамыз. Ол сәтке дейін нәтижеболмап еді. Осымен ештеңе шықпас, бұл жерден мұнай таппаймыз деп арасындакүмәндандық. Бірақ, мұнай табылып, өңірдегі өмір жандана түсті. Жасмұнайшыларға еңбекқор болыңдар дегім келеді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнынтіленбей» демекші, адал еңбек еткен адам қашанда биіктен көрінеді.

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы құрылған сәтінен бастап383 млн тонна мұнай өндіріпті. Бүгінгі таңда іргелі кәсіпорын тәулігіне 15,5мың тонна өндіріп, жыл сайынғы өндіру көлемін 5,5 млн тонна деңгейінде ұстаптұр. «Өзенмұнайгаз» акцияларының 100%- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясынатиесілі және ол еліміздің ең ірі салық төлеушілерінің ондығына кіреді.


Журналистер жерасты жабдықтарын жөндеу жәнедиагностикалау цехының жұмысымен танысты. Цех бірнеше жыл бұрын пайдалануғаберілді. Заманауи жабдықпен жабдықталған цех жыл сайын 400 мыңсорғы-компрессорлық құбырды, 300 мың сорғы бағаналарын және 10 мың тереңдісорғыларды жөндеуге әрі диагностикадан өткізуге мүмкіндік береді. Жүйеліжұмыстың нәтижесінде жабдықтарды жөндеу сапасы артып, ұңғымалардың жөндеуаралықкезеңі 105 күнге дейін ұзарды. Бұған дейін бұл кезең 80-ге жуық күнді құрайтын.

Биыл компания тағы бір айтулы жобаны іске асыруғакірісті. Қазір көлемі 20 мың текше метр су тұндыру қазандығының қарқындықұрылысы жүріп жатыр. Қазандық мұнай-су эмульсиясын термохимиялық өңдеуденөткізуге арналған. Ол мұнайды судан ажыратады. Содан барып шикі мұнай тереңтазалауға жөнелтіледі. Су жер қабатындағы қысымды сақтау үшін қайтадан жерастына жіберіледі. Жоба жер қабатына сапасы жоғары суды айдауға мүмкіндікбереді. Бұл өз кезегінде су сорғы қондырғыларының жөндеуаралық кезеңінұзартады. Өйткені, су неғұрлым лас болса, құрал-жабдық соғұрлым тез тозады.

Компанияның басты құндылығы — адами капитал.«Өзенмұнайгаз» жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын ұдайы жақсартып отыруға ерекшекөңіл бөледі. Бірнеше жылдан бері Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайынжақсарту бағдарламасы сәтті іске асырылып келеді. Қазіргі уақытқа дейін 42шаруашылық-тұрмыстық және әкімшілік-тұрмыстық кешен тұрғызылды. Барлық топтыққондырғыларда қызметкерлер жуынатын, киім ауыстыратын және демалатын арнайыбөлмелер салынды. Жұмысшыларды сапалы тағаммен қамтамасыз ету үшін 15 тамақтанунысаны ашылды. Ал, жерасты жөндеу жұмыстарымен айналысатындарға ыстық тамақұңғыманың жанына жеткізіліп береді.


«Өзенмұнайгаздағы» ұжымдық шартқа жеке тоқталып кетукерек. Құжатқа сәйкес жұмысшылар Қазақстан және ТМД елдерінің шипажайларында денсаулығынтүзей алады. Бұған қоса компания қызметкерлеріне «Кендірлі» курорттық аймағындаорналасқан сауықтыру-оңалту орталығында демалуға мүмкіндік беріледі. Жыл сайын4 500-ге жуық бала үздік сауықтыру лагерьлеріне аттанады. Қауіпсіз өндірісүшін барлық жағдай жасалуда – кәсіпорында қабылданған бағдарламалар ықтималтәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған. Компания үстіміздегі жылды «Еңбектіқорғау жылы» деп жариялады.

«Өзенмұнайгаз» АҚ Жаңаөзендегі жалғыз қала құраушыкәсіпорын. Сондықтан компания әлеуметтік жауапкершілігін терең түсіне отырып,қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобалардыжүзеге асыруға аса назар аударады. Келісімшарттық міндеттемелер аясындакәсіпорын Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданының әлеуметтік инфрақұрылымынжақсартуға жыл сайын 900 млн теңге бөліп отырады. Компания қаржысына спортнысандары, мәдениет үйлері мен балабақшалар тұрғызылды. Бұған қоса, Жаңаөзенніңмектептері заманауи компьютер сыныптарымен жабдықталды, қала аумағында 10 спортжәне 2 әмбебап ойын алаңы салынды.

Суреттерді компания баспасөз қызметі ұсынды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 17:29
Ипотекалық дағдарыс келе жатыр ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42