14.04.2021, 12:06
1645
Мәжіліс депутаты Альберт Рау Үкімет бензин бағасын реттеу тетіктерін әзірлеп, енгізуі қажет деп мәлімдеді.
Мәжілістің экономикалық реформалар және өңірлік даму комитеті жыл басынан бері АИ-92 маркалы бензин бағасы литріне 150 теңгеден Алматыда 168 теңгеге дейін, Нұр-Сұлтанда 170 теңгеге дейін, Ақтауда 172 теңгеге дейін, Атырауда 200 теңгеге дейін өскенін айтты.
«Бағаның өсуіне Атырау мұнай өңдеу зауытындағы технология қондырғыларының авариялық тоқтатылуы себепші. Өндіріс ақауларының „объектив себептерін“ табуға болатынына күмәніміз жоқ. Қарапайым автокөлік иелері бұдан зардап шекпеуі керек», — деді Альберт Рау премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауалында.
Депутат бензин бағасының өсуі тарифтер, тауарлар мен қызметтер бағасына әсер ететінін және одан қарапайым тұтынушылар зардап шегетінін айтты.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР