Жаңатастың астындағы кен орны 110 шақырымға созылып жатыр

15.09.2019, 08:10

306

Жаңатастың астындағы кен орны 110шақырымға созылып жатыр

Қала мәртебесін алғанына жартығасыр толып отырған Жаңатастың дүрілдеп, бұл шаһарға сырттан қонысаударушылардың көп келгені, тұрғындары үдере көшіп, иесіз қалған жұртқа ұқсағанкездерді де бастан өткергені белгілі.

Өткенге шегініс жасасақ, шағынқаланың шежіресі  1964 жылдан бастауалады. Сол жылы бұрынғы  Бүркіттіқыстағының аумағында «Жаңатас» кеніші ашылып, оны өндірістік тұрғыдан игеругебасымдық беріледі.  Осылайша қарт Қаратауқойнауында қауырт жұмыс қарқын алады. Кен қазумен  қатар кент құрылысыда қатар дамиды. Жаңатас кенді алабы Бүкілодақтық құрылыс алаңы деп жарияланады.Жұдырықтай жұмылған жерде жұмыс өнімді болмай ма? Аз ғана уақыттың ішіндеәлеуметтік нысандар бірінен кейін бірі бой көтеріп, халық саны да едеуір артыпшыға келді. Ал 1969 жылы 25 маусымда Жаңатас поселкасына қала мәртебесініңберілгендігі жөнінде Жарлық шықты.

Жаңатастың 50 жылдық мерекесіне жиылғанкөпшілік алдымен «Еңбек Ерлері» аллеясында болып, бокс мектебі жанынан жасалған«Street Workout» алаңшасындағы спортшылардың қойылымдарын тамашалады. Мұнан соң«Ұрпақтар» аллеясын аралап, жаңадан салынған баскетбол алаңында өтетін  жарыстың ашылу салтанатына қатысты. Аудандықмәдениет үйінің алдындағы алаңшада қойылған қолөнер және сурет көрмелері,кітаптар инсталляциясы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің таныстырылымы  шараның шырайын арттыра түсті.

Келесі кезекте Сарысу ауданыныңәкімі Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйлеп, шаһардың өсіп-өркендеуіне сүбеліүлес қосқан азаматтарды сахна төріне шақырып, сый-құрмет көрсетті. Ал кешкісінқаланың  орталық алаңында «Жаңатас – орындалғанармандар қаласы» атты мерекелік композиция қойылып, отандық эстрада жұлдыздарының қатысуыменгала-концерт өтті. Тамаша думан ғаламат отшашумен өз мәресіне жетті.

Бұл тойдан біз не түйдік? Халқымыздың«Елу-ердің жасы» деген тағы бір тәмсілі ойға оралды. Жалындаған жиырмасындажадап-жүдесе де жасымаған Жаңатас отызында оңалып, қырқында қайраттанып, елудіңбелесіне еңсесі тік қалпында жетті! Бұл мереке еңбек пен ерік-жігер тізе қосқанжерде еңсерілмейтін қиындық болмайтынын түйсіндіргендей.

Жалпы, Жаңатастыңастындағы кен орны 110 шақырымға созылып жатыр. Ресейдегі дәл осындай кенорнының фосфоры таусылуға жақын. Ал, Жаңатастың астында, яғни, осы өңірдегіСозақ, Сарысу, Таластың топырағында 13 млрд тонна фосфор қоры жатыр екен.Миллион емес, миллиард… Қазір фосфор пайдаланбайтын сала кемде-кем. Лайым,осы байлық елдің игілігіне жарай берсін. Жарты ғасырлық мерейтойың құтты болсын, Жаңатас!

Фото: tengrinews.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 20.07.2021, 09:21
Сұлтанов ет сатады, қазақ сүйек-саяқ мүжиді
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.07.2021, 09:20
Үкімет есептен неге жаңылыса береді?!

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55