Жасыл экономика жаңа дағдыларды талап етеді

Әділ АҚЫЛБАЙ

03.08.2022, 17:51

2080

2013 жылдың 30 мамырында Қазақстанда инновациялықты арттыру мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған «Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдама» қабылданған еді. 

Сол айтулы датаға орай Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жасыл экономика бойынша іс-әрекеттер серіктестігі» (PAGE) атты БҰҰ бағдарламасымен бірлесіп, «Жасыл экономика – Қазақстанның инновациялық және тұрақты дамуының парадигмасы» дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігің өкілдері,  БҰҰ PAGE директорлар кеңесінің мүшесі, UNITAR Планета бөлімінің директоры А.Маккей, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Абақанов, М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры, Ресей экологиялық академиясының академигі С.Бобылев, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Я.Бериш және қоршаған ортаны қорғау мен сақтау саласындағы басқа да белгілі қайраткерлер мен сарапшылар қатысқан болатын. 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық департаменттері мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарның өкілдері, еліміздегі ЖОО экология және биология кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары, Елбасы кітапханасының еріктілері бұл іс-шараға бейнеконференция арқылы қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы «жасылдандыру» мен қоршаған ортаны қорғауды мемелекетіміз үшін басты экономикалық бағыт-бағдарлардың бірі ретінде атап, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының әзірленуіне бастама салып берді. Еліміздің өңірлерінде Президенттің көміртекті жойып, күшейіп келе жатқан шөлейттену үрдісін ауыздықтау үшін бес жылдың ішінде орманды жерлерде 2 миллиардтан астам ағаш көшетін отырғызу және елдімекендер аумағында 15 миллион ағаш көшетін отырғызу жөніндегі аса ауқымды тапсырмасы жүзеге асырыла бастады.

 «Жасыл экономика» идеясын қолға алған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы көгалдандыру мен қоршаған ортаны қорғау ісіне зор көңіл бөледі. Қазақстанды жаңғыртудың әр стратегиясында елдің «жасыл» жолға көшуіне негізделген экономиканың орнықты да тиімді моделін құруға нақты бағдарлар айқындалды.

Бүгінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Еуропа мен Азия елдерінің жетекші халықаралық ұйымдары мен зерттеу құрылымдарымен стратегиялық әріптестік қатынастарды орнатуда, сондай-ақ, жасыл технологияларды трансферттеу мен енгізуде, Қазақстан бизнесіне құйылған халықаралық жасыл инвестициялар ағынының тиімді тетіктерін ұйымдастыруда, қазақстандық көміртегі бірлігінің айналымын буланатын газдардың жалпы әлемдік нарығына белсенді интеграциялауда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының қолданбалы жобаларымен айналысады.

Бұған қатысты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері: «2020 жылғы желтоқсанда «Климаттық амбициялар саммитінде» Мемлекет басшысы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді көздейтінін мәлімдеді. Былтыр біз Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеуге кірістік. Бүгінде Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру өзекті болып отыр. 2021-2030 жылдарға жоспарланған екінші кезең суды тиімді пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуға, оны кеңінен енгізуді ынталандыруға бағытталған ұлттық экономиканы қайта құру шараларын қамтиды», – дейді. 

Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының тұрақты өкілі Якуп Бериш болса:

«Көгалдандыруға, жаңа дағдыларды дамытуға және технологияларды енгізуге прогрессивті тәсіл ұсына отырып, білімге негізделген экономикалық трансформацияны жеделдете алады. Бұл ауқымды пайымдауды қажет ететін өр мақсат. Осы өршіл күн тәртібін сәтті жүзеге асыру үшін елдер әлеуметтік-экономикалық даму саясатын кешенді қайта қарауды, салалық бағдарламаларды бейімдеуді, жаңа технологияларға инвестиция салуды, сондай-ақ индустрияны жасылдандыру үшін жаңа дағдыларды дамытуды қажет етеді», – дейді. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:21
Елімізде орташа айлық жалақы қалай есептеледі?
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:57
Үй сатып алу биыл 35 пайызға төмендеген
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 09:12
Кәсіпкерлер мобильді аударымдардан жаппай бас тартып жатыр
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 11:37
Қазақстан табиғи апаттардан жылына 477 млн доллар шығынға ұшырайды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09.08.2022, 09:18
«Жасыл Қазақстан» – елдің экологиялық мәдениетін көтереді
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 08:57
"Қазақстан экономикасы сыртқы күйзелістерге ұшырып отыр" - Ұлттық банк

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49