«Жасыл кеңсе»: қанша тұрады және қаншалықты үнемді?

Еркежан Арын

20.04.2021, 10:56

2040

Қазақстанда компаниялардың экологиялық саясатын қалыптастыру мен кеңсе ресурстарын сақтауға арналған «Жасыл кеңсе» ІІІ республикалық конкурсы басталды. Іс жүзінде тоқтаусыз режимде қолданылатын құралдар мен кеңсе техникаларының санын ескере отырып, кеңседегі ресурстарды үнемдеу кез келген профиль мен ауқымдағы қазіргі заманғы компаниялар үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы «Жасыл кеңсе» жобасы бизнесмендер арасында «жасыл көзқарас» қалыптастырудың катализаторына айналды.

      Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфухар Жолдасов:

– Аталмыш конкурстың мақсаты – экологиялық өмір салтын, экологиялықты арттыруға арналған «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды, қоғамдық қолданыстағы ғимараттардың жайлылығы мен энергоөнімділікті насихаттау, үздік практика мен озық үлгідегі технологиялық шешімдерді тарату, – деді.

    Бұл байқауға мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, коммерциялық және сауда құрылымдары, индустрия, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері қатыса алады. Жоба іске асырылып келе жатқан екі жыл ішінде конкурсқа 120-ға жуық ұйым қатысып, олардың ішінде 40 ұйым ең «жасыл» ұйымға айналды.

Өз кезегінде коалицияның атқарушы директоры Асхат Сүлейменов:

– Конкурс ресми түрде 15 сәуір күні 10 аталым бойынша басталды. Өткен жылдан бастап ұйымдастырушылар экологиялық кеңсенің қағидаттарын енгізу бойынша аймақтарға көшпелі семинарлар өткізіп келеді. Осылайша 2021 жылы аталған сипаттағы семинарлар үш облыста жалғасын табады. Сонымен қатар мамандарды тарту арқылы барлық ниетті қауым үшін үш онлайн-семинар өткізу жоспарланып отыр, – деді.

Конкурсқа қатысу шарттары <a href=«greenoffice-kaz.org/» style=«font-family:»Times New Roman",serif; color:blue; text-decoration:underline" target="_blank">greenoffice-kaz.org

 сайтында, <a href=«www.facebook.com/greenofficekz/» style=«font-family:»Times New Roman",serif; color:blue; text-decoration:underline" target="_blank">facebook парақшасында орналастырылған.

Осындай «Жасыл кеңсе» конкурстары көптеген мемлекеттерде де өткізіледі. Конкурстың қорытындысы 2021 жылғы қыркүйекте белгілі болады. Қатысушылар қатысушы сертификатымен, ал жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталады, сондай-ақ биыл қазан айында еліміздің бас қаласында өтетін марапаттау салтанатына қатысатын болады. Байқау 15 сәуірден бастап, 31 тамызға дейін жалғасады.

Бастапқыда «Жасыл кеңсе» жобасы кеңседе қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамытуға бағытталған болатын. Идея жетілдіріліп, бүгінгі күні оның бастамашылары компанияларда қалдықтардың пайда болуын азайту және ресурстарды тұтынуды азайту тетіктерін енгізуде.

Бастамашылар мен қатысушылар ресурстарға ұқыпты қатынастан бөлек, бағдарлама компанияның қаражатын үнемдеуге де көмектеседі. Қазақстандық ECOJER экологиялық бастамалар қауымдастығының бас директоры Рүстем Қабжанов:

– «Жасыл кеңселер» сандық жағынан да, сапалық жағынан да өсетін болады. Осылайша кеңсе пайда таппаса да, кем дегенде үнемдейді. Мысалы, энергия тиімділігі туралы айтатын болсақ, «А» класындағы ғимараттар энергияны 30-50 пайызға аз тұтынады, дегенмен энергияны үнемдейтін ғимараттың құны әдеттегіден 10 пайызға ғана қымбат. Қазіргі уақытта біз Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен осы бағытты дамытуға арналған құралдар жасау бойынша жұмыс істеп жатырмыз, – деді.

Бір жағынан, қазіргі уақытта экологиялық мәселелер халықтың назарын көбірек аударуда: экологиялық жауапкершілік «сәнге» айналып келеді, бұл бренд пен компанияға деген сенімділікті арттырады. Екінші жағынан, ақылды технологиялар арзандап, ал табиғи ресурстар қымбаттай бастағандықтан, бұл тиімді болып тұр.

Сату сайттарының мәліметтері бойынша «жасыл» шешімдері бар үш бөлмелі пәтердің бағасы 3 пайызға қымбаттауы мүмкін, бірақ бұл ай сайын коммуналдық төлемдер үшін 5000 теңгеге дейін үнемдейді. Мұндай пәтердің өтелуінің жалпы мерзімі шамамен 10 жылды құрайды.

Жасыл кеңселердің басқа елдердегі артықшылықтары:

  • Ресейде коммуналдық төлемдер мен электр энергиясының 11 есеге төмендеуі;
  • Украинада әкімшілік шығындарды 10-15 пайызға төмендетуі мүмкін;
  • Батыс елдері ғалымдарының зерттеуіне сәйкес, жасыл кеңсе қызметкерлері 15 пайыз өздерін жайлы сезінеді, бұл олардың жұмыс тиімділігін – 6, шығармашылық деңгейлерін 15 пайызға арттырады.

   IBEC Systems компаниясының атқарушы директоры Руслан Рахымбаевтың айтуынша, кез келген қазақстандық компания Green Office жобасына қатыса алады, кез келген кеңсе ресурстарын үнемдей алады. Бұл әсіресе қалдықтар көп пайда болатын нысандарда – сауда және ойын-сауық орталықтарында, әртүрлі форматтағы дүкендерде, қоғамдық тамақтану орындарында өте маңызды.

Ең алдымен біз үнемдеуге емес, қазіргі заманғы тенденциялардың көшбасшылары болуға деген компаниялардың шынайы ұмтылысына назар аударуымыз керек – әсіресе, ең алдымен, экологияға. Мысал үшін, дамыған елдер практикасында егер компания қоршаған ортаны сақтау шараларын ұстанбаса, экологиялық практиканы енгізбесе, ол клиенттерінен айырылып, тіпті институционалды инвесторлармен қиындықтарға тап болуы мүмкін екен.

Евгений Мухамеджанов, Қазақстандағы «Жасыл кеңсе» бастамашысы және Eco Network компаниясының жетекшісі:

– Негізгі инвестициялар – адамдар мен технологиялар. Біз макулатура жинау сияқты қарапайым нәрселермен стандартты бизнес жасағымыз келмейді. Әлемге маңызды мақсат қажет – тұтынуды азайту, ақылға қонымды шығындар жасау. Біз өмірімізден бір рет қолданылатын пластикті алып тастауымыз керек, бұл бірінші кезекте денсаулығымызға кері әсер етеді. Біздің жобада бірнеше қалада ұсынылғанына қарамастан, стандартты кеңсе, оргтехника шығындары әлі жоқ. Сонымен бірге компания бәсекеге қабілетті жоба моделін құру үшін қанша ақша салу керек екенін есептеді. Болжам бойынша бұл сома 500 мыңнан 1 миллион долларға дейін болуы мүмкін. Бірақ жасыл кеңсені жүзеге асыру үшін ең маңыздысы – HR, PR, IT және кәсіпкерлік құзыреттіліктері болып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:34
Ставканы өсірдік, экономика от ала ма, әлде «шок» ала ма?!
Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58