Жекеменшік қонақ үй неге бюджет қаражатына салынуы керек?

Айжан БҮРКІТБАЕВА

11.12.2020, 15:56

5281

Мәдениет және спорт министрлігі «Turkistan Silk Way Harbor»   компаниясының «Керуен-Сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылысын қаржыландыру үшін бюджеттен 10 млрд теңге сомасында қаржы бөлмек. Бұл «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кредиттік шарттары бойынша жүзеге асады. Несие 20 жылға 0,1 пайыздың үстемемен үлестірілмек. Ал 20 жылдан кейін теңге 20 рет девальвацияға ұшырап, қадірінен қағылуы да ғажап емес-ті.

Мемлекеттен «мәрттік» көрген компания бюджеттің қаржысына базар мен үлкен қонақ үй тұрғызбақ. «Бұл кешен Түркістан қаласына туристік ағынды ұлғайтуға ықпалдасады» дегенді алға тартқан мәдениет және спорт министрлігі «коронавируспен күреске мемлекеттің қауқары әзер жетіп жатқанда туристік саланы дамытамыз» деп дамылдағаны «сасқан үйрек артымен жүзеді» дегенді ескі түсіреді. Бақуатты жылдары туристік саланы түгендемеген министрлік індеттен шекаралар шектелгенде келушілер санын көбейтеміз деу бос далбасалық емес пе? «Қаржыны үнемдеу керек» деп дабыл қаққан Президенттің сөзін мақұлдап отырған биліктің көрінісін неге байқай алмай отырмыз?!

Бұл туралы экономист Сержан Айтбай былай деп пікір білдірді:

«Түркістанға өткен жылдан бастан милиардтаған қаржы құйылып жатыр. Мысалы, 2019 жылы «Керуен сарай» көпфунционалды кешініне 39 млрд теңге жұмалған.  Кейін Жабық базардан, тарихи шығыс базарынан, фудкорттан, ойын-сауық аймағынан, рекреациялық аймақтан және этникалық стилдегі қонақүйден тұратын «Керуен сарай» көпбейінді туристік кешенінің құрылысы үшін 83 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылды. Түркістанның халықаралық әуежайы барлық нысандарымен, әуе көліктерінің тұрақтарымен, ұшу жолақтарымен, халықаралық стандарттар талап ететін қаптаған құрылғыларына 78,8 млрд теңге тартылды. Биыл еліміз коронавируспен арпалысып жатқанда туристік саланы кейінге ығыстырған жөн болар еді», – дейді экономист.  

Тегтер: бюджет жоба халық пікір пайым ұсыныс талап

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Азат ӘЛИХАН 08.08.2022, 11:39
Жасыл экономикада жеткен жетістік көп
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 08:49
Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 08:07
Бюджет секторындағы энергия үнемдеу
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 16:59
Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:17
Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 14:51
Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлер салықтан босатылады

Аңдатпа


  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47