09.09.2020, 05:41
324
Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жыл басынан бері 6 нысан сатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 93%-ке орындалды. 2020 жылы 74 объектіні сату жоспарланып отыр. Оның ішінде 38-і сатылымға қойылды. Есепті кезеңде 88,4 млрд теңгеге 6 нысан сатылды. Сауда-саттықта 32 нысан тұр», — деді министр Үкімет отырысында. Оның айтуынша, 5 нысанды қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 18 нысанды жыл соңына дейін сатуға қойылады. «13 нысан бойынша іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдарға ауыстырылды», — деді Е. Жамаубаев.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР