Жем-шөп дайындаудың Қазақстандағы озық үлгісі

02.09.2019, 16:24

43

Алып аумақты алыпжатқан Қазақстан үшін ауылшаруашылық саласының халық өмірінде алатын орныайтарлықтай ерекше. Әсіресе ата кәсіп мал шаруашылығы, ұлттың икеміне де, елдіңигілігіне де, жұрттың оң жамбасына келетін жұғымды сала. Тарихи тәжірибемізгесүйенсек, малдың басы аман, өнімі мол, күйлі болуы үшін оларға қажетті күтім дежақсы болуы керек екенін көрсетеді. Яғни бұрынғыдай мал шаруашылығын бір әулеттінемесе  айналасындағы ауылды ғана асырауүшін емес, алыс жақын шетелдерге де шығарып күллі Қазақстанды қамтуды көздейді.Демек, етті және сүтті малшаруашылығын сапалы жем-шөпсіз дамыта алмаймыз.Сондықтан да агроөнеркәсіптік кешенде төрт түлікке азық дайындау өте маңыздыістердің бірі саналады. Осы орайда, қазақстандық кәсіпкерлердің қыстық кезеңгеқалай қамданып жатқанына, сонымен қатар ірі-қараға арналған рацион жайлы зерттеужүргізіп көрелік.

Шаруашылық кәсібіберекелі нәсібі болған шаруалар, мамандар арасында сүт пен ет көлемдерінарттыру, өнімдерді жақсарту, малдың денсаулығына ақау келтірмеу жайлы мәселелердіңшешімін тауып, сапасын жақсарту жиі айтылып жатады. Десек те, төрт түліктің сапалыазықтануы арнайы бекітілген рационға да байланысты екендігін ескеруіміз қажет.Бұлай деуге толық негіз бар. Себебі малшы қауым төрт түлікті дұрыс әрі уақытылы,қуатты жем-шөппен азықтандырса, онда міндетті түрде өнімділік жоғарылайды.Нәтижесінде түсетін табыс молаяды. Сондықтанда әлемнің әр бұрышындағы іскержандар, көп жылдық зерттеу нәтижесіне жүгіне келе жануарларға жем-шөп әзірлеудібірінші кезекке қояды. Осы орайда, айта кетейік, биыл елімізде қысқа қамданужұмыстары ойдағыдай сәтті жүргізіліп жатыр. 

Мамандардың айтуынша, биылғы ауа райының қолайлылығышөптің шығымы мен шабыстықтың түсемі өткен жылдармен салыстырғанда бір жарымесеге көп деседі. Жаңбырсыз ашық күндердің арқасында күніне 200 тоннаға дейіншөп дайындауға сеп болып жатқан көрінеді.

Мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлердің селбесуінің арқасында алдағы уақыттағы, қолданылмайтын жәнеқалыпқа келтірілген жерлерге байланысты жасылдандырылып, жақсы жаққа қарайілгері жылжу болмақ. Яғни 2021 жылға дейін Қазақстандағы шабындық аумақтыңкөлемі 4,4 млн гектарға артпақ. Бұл 2022 жылға қарай 27 миллион тонна азықәзірлеуге мүмкіндік береді. Оның 2,5 миллион тоннасын қоспа жем құрайтынболады. Сонымен қатар мол өнімді жинауға жоспар жасап, дайындықты арттырғанменартық өнімді ысырапқа жібермей, күзгі жаңбыр мен қысқа қарға қалдырып шығынғаұшырамас үшін де артық өнімге артық қамбалар, қоймаларды да салу күн тәртібіндетұрғаны абзал. Жиналған өнімді қажет уақытына дейін сақтау үшін міндетті түрдеқоймалар тұрғызу қажет. Заманауи жабдықталған нысандар азықты ұзақ уақытқадайындауға мүмкіндік береді.

Ірі қара малдыазықтандыру бойынша мамандардың тәжірибесіне сүйенсек, көп дүние рационғабайланысты көрінеді. Әсіресе сүт өндірісінде жоғары көрсеткішке жетуде,жетістігің 70 пайыз үлесі дұрыс құрылған және дұрыс дайындалған жем-азыққабайланысты екен.

Заманның қарқындыдамып, жаңа технология мен мүмкіндіктердің пайда болуына байланысты сүтөндірісіндегі жануарлардың рационын да заманауи қылу қажет. Өнімнің тамырынакас сұйықтығы деп аталатын минералды тыңайтқыш сіңіру арқылы өсімдіктердізиянкестерден қорғап, тезірек бой көтертуге болады. Малға берілетін азықта протеинмөлшері көп болғаны жақсы. Себебі, сиыр сүтті өзі өндіріп, өңдеп шығаратынкомбинат. Ол үнемі дұрыс, қалыпты азықтанғаны жөн. Сонда сүт көп әрі құнарлыболады. Соған орай  сиырдың салмағына,жасы мен тұқымына қарай сай етіп шөп, сүрлем, құрама жем мен күнжара беру сүтөндірісінде ең оңтайлы тәсіл десек те болады.

Қыстың қамын жазойла демекші, мал азығын уақытында, шөптің құнарланып піскен кезінде шапқанабзал. Сонымен қатар өнімді дайындау үшін тегеурінді техниканың атқаратын орыныда айтарлықтай аса маңызды. Онсыз сапалы азық дайындау мүмкін емес. Мысалы,қазір әлемге әйгілі, қолданыста өте ыңғайлы батыстық комбайндар. Ол орукешендері істі сапалы әрі жылдам атқарады. Кешенді көліктер арқылы ең алдыменшөп шабылады. Ол дестеге түседі, өнімді бірден жинауға болмайды. Қызып, бөлініпкетуі әбден мүмкін. Сондықтан да шаруалар оның кепкенін күтеді. Кейбір кездеріазық ұзақ уақыт дегдиді. Мұндай сәтте арнайы құрылғы пайдаланылады. Ол дестеніжан жаққа аздап шашады. Сонда шөп тез кебеді. Кейін іске дестелеуші кіріседі.Агрегат малға берілетін азықты ұсақтап бір бума етіп жинайды. Нәтижесінде олтөрт түлікке сіңімді болады. Шабындық жұмыстары кезінде шөп орап тасталынады.Сонда суға тимей, күнге күймей сақталады. Сүрлеме пішендеме полителенқапшықтарымен қапталып арнайы орындарға жеткізіледі. Мұның бәрі бірнешесағаттың ішінде жүзеге асады. Ешқандай қиындығы жоқ. Энергия мен уақытүнемдеуде зор үлесі бар. Бірақ бір әттегенайы, сапасына қарай құны дегендей мұндайтехникалардың бағасы қымбат. Сондықтан да оларды ірі шаруашылықтар ғана сатыпалады. Ал орта және ұсақ құрылымдар, өнімділігі төмендеу отандық көліктергетаңдау жасауына тура келеді. Алайда фермер мемлекет қолдауына жүгініп,инвестициялық субцидия бойынша қажетті техникаларды сатып алуына мүмкіндігі бар.Яғни «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында «Технологиялық жабдықты жәнеқұрастыруды қажет ететін арнайы техника» жобасы арқылы шаруалар жетіспей тұрғантехинкаларына қол жеткізуіне болады.

Мал шаруашылығыөнімдердің, яғни, етті бағыт болсын, сүтті бағыт болсын сапасы мен көлемі 30пайыз жануардың генетикасына, 10 пайыз күтімге, ал 60 пайыз азықтандыруғабайланысты. Бұл аграрлық салада көп жылдан бері еңбек етіп жүрген халықаралықсарапшылардың айтып отырған пікірі. Шөптің сапасы мен көлемі сиырдыңөнімділігіне тікелей ықпал етеді. Себебі оның бойында ағзаға аса қажеттідәрумендер бар. Ал сол пайдалы заттар бірнеше факторға байланысты өзгереді.Біріншіден өсімдіктің түріне, екіншіден өсім қарқынына қарай ауысып тұрады.Тағы азықты сақтау мен кептіруде сапаға әсерін тигізеді. Сүрлемнің орны бірбөлек. Ол төрт түліктің тәбетін ашады. Асқорытуды жақсартып зат алмасудықалыпты деңгейде ұстайды. Сондықтан да мұндай дүниені үнемі рационға қосқан жөн.

Комбикорн, яғни, құрамажем аталатын, мал сүйсіне жейтін заманауи өңделген тағы бір азық түрі бар. Олазықты ірі-қара малының асқазаны оңай қорытады. Есесіне тәуір салмақтыарттырады. Сонымен қатар сүттің де майлылығын өсіреді.

Құрама жем дайындаузауытының бас инженері. Александр Капустянский құрама жем туралы былай дейді:

— Тәуелсіздікалғаннан кейін көп дүниеден айрылып қалдық. Бәріміз білетіндей 90-шы жылдарыбарлығы құлдырап кетті. Ал қазір біртіндеп қалыпқа келіп жатыр. Мал басы артып,өнім нарыққа шыққаны көңіл қуантады. Үкімет тарапынан қолдау мығым. Осыкөмектің арқасында ауылшаруашылығы биік белестерді бағындырды. Қытайлықдемеушілеріміз де бар. Олар бізде зауыт тұрғызды. Мұнда жергілікті шаруалардыңөсірген өнімдері қабылданып, өңделіп, аспан асты еліне экспортталады.Қазақстандық астық инвесторларға ұнайды. Алдағы уақытта фермерлерменәріптестікті арттырамыз, — дейді.

Сүт шаруашылығында дақұрама жемнің өзіндік орны айрықша. Ол ақтың өсіміне өз үлесін қосады. Мысалы,бір сиырдың рационына заманауи азық түрі енгізілген делік. Онда бұл жануар бесбірдей тұяқтың берген өнімін бере алады. Қысқаша айтар болсақ комбикорм сүттіңмол сауылып, өндірістің өркендеуіне игі септігін тигізеді. Осылайша өнімніңбәсекеге қабілеттілігі артады.

Осындай тиімдімүмкіндікті көріп,  құрама жемніңпайдасын түсінген көптеген шаруалар қазіргі уақытта оны үйлерінде әзірлепжатыр. Бүгінде әрбір шаруада шағын ұсақтағыш құрылғы бар. Фермалардан да жигікездестіруге болады. Олар сол құрылғыға азықты салып үгітіп алады. Яғниөздерінше комбикорм дайындайды. Алайда қарапайым шарулар құрама жемге бізжоғарыда атаған зауыттағыдай биологиялық қоспаларды қоспайды. Бастыайырмашылығы осы екен. Деседе негізінде ұсақталып туралған кез-келген өнімдімал сүйсіне жейді.

Шаруашылықтар сатыпалып жататын импортталған құрама жемнің орташа бағасын айтар болсақ, 25 кг өнім– 5000 теңге тұрады. Ал отандық тауардың құны әлде қайда төмен. 1 кг азық – 50теңгені құрайды. Оны елімізде 9 компания өндіреді.

Ғылым алға басты.Қазіргі таңда бізде екі бірдей кисагрегаты бар. Ол өнімді араластырып малғабереді. Тағы ұсақтағышты да қолданамыз. Заманауи құрал шөпті майдалайды.Нәтижесінде азық 30 пайызға дейін үнемделеді. Әр жыл сайын төрт түліккеәзірлеген сүрлем пішенделген шөпті ғылыми зерттеу институтына апарамыз. Ондамамандар тексеріп өнімдердің құрылымын, протеин мөлшерін анықтайды. Біз соланықтамаға сүйеніп қысқы маусымға рацион құрамыз, — дейді агроном ЕрұланҚажыбаев.

Әрине, қай кездеболсын, мейлі қай салада болсын өнімлілікке қарай ілгерілеу, даму қажет екенірас. Ол үшін Қазақстан заман игіліктеріне талпынғаны дұрыс яғни тың технологиялардытехникаларды пайдаланып сапалы шөп, сүрлеу мен пішендер  әзірлеу қажет. Дәрумендерді демикроэлементтерді де назардан тыс қалдырмаған жөн. Олар өнімділікті арттыруғаайтарлықтай үлес қосады.

Қазақстанаумағындағы бордақылау, сүт фермалары секілді жем-шөпті үнемі қажет ететінөндіріс орындарының сұранысына сай жемазық өндірісін дамыту үшін суармалыжерлердің аумағын арттыру қажет. Бұл іс қазіргі таңда елімізде қарқында түрдежүргізіліп жатыр. Бүгінде арнайы күтіп-бапталатын аумақтардың негізгі бөлігіҚазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Нақтырақ айтсақ танаптың 38 пайызыТүркістан, 29 пайызы Алматы, 14 пайызы Қызылорда және 8 пайызы Жамбыл облысынатиесілі. Әрине, агробизнес саласында алдына үлкен мақсат қойған біздің ел үшінмұнымен тоқтап қалуға әсте болмайды. Болашақта еліміздің ауылшаруашылық министрлігіреспубликаның солтүстігінде де аумақтарды суаруды жоспарлап отыр. Мұндайбастама өндірісті өркендетері сөзсіз.

Қазіргі таңдаеліміздегі суармалы алқаптардың көлемі 1,4 миллион гектарды құрайды. Міне,осындай жерден өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнімнің 42 пайыз бөлігі жиналады.2021 жылға дейін арнайы күтіп бапталатын аумақтарда            600 мың гектарға арттыру жоспарланыпотыр. Мұның нәтижесінде Қазақстандағы сурармалы танаптардың жалпы ауданы 2 миллионғажетпек.

Енді тоқсан ауызсөздің тоқ етер тобықтай түйінін шығарайық. Жануарлардың өнімділігі шаруашылықтыңазықтық қорына тікелей байланысты. Егер де төрт түліктің рационы әруақытта дақұнарлы жем шөптен тұрса онда өнімде сапалы әрі мол болады. Мұны біз жоғарыдада айттық. Сонымен қатар өндіріс саласының тиімділігі артады. Себебі азыққабайланысты шығын көлемі кем дегенде 50 пайызға қысқарады.

«Малым — жанымныңсадағасы» демекші, халықтың әл-ауқаты артуы үшін – төрт түлік малының күй-жайы,шем-шөбі мол болуы қажет екені анық.

Фото: jasqazaq.kz



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.10.2020, 11:16
Мақта бағасы мың құбылып
Еркежан АРЫН 27.10.2020, 11:07
Агрокешенді цифрландыру көшіне ілесе аламыз ба?
Еркежан АРЫН 27.10.2020, 10:44
Су ресурстары негізгі байлығымыз. Бірақ...
Сайт әкімшілігі 26.10.2020, 15:07
Доллар қымбаттап жатыр
Сайт әкімшілігі 24.10.2020, 11:57
"Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасына өзгерістер енгізілді
Амангелді СЕЙІТХАН 22.10.2020, 11:14
Қашаған Каспийдің қасіреті ме?

Аңдатпа


  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04
  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28