Жеңілдікке жеңіл қарамайық

09.06.2020, 06:47

55

Карантиндік шектеулер кезінде зардап шеккенкәсіпорындарды кешенді қолдау шаралары миллионнан аса шағын және орта бизнес субъектілерінқамтиды.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «ШОБ-ты дамыту – экономиканыәртараптандырудың, жұмыспен қамтудың, макроэкономикалық тұрақтылықтың,сондай-ақ, халыққа арналған қызметтер мен тауарларды өндірудің басты факторы.Өздеріңізге белгілі, қазіргі кезеңдегі карантиндік шектеу шаралары ШОБ-қа,әсіресе шағын бизнеске тікелей ықпал етті. Сондықтан, ШОБ-ты қолдау үшін салықтықынталандыру жасалып, несие беру көлемі ұлғайтылуда. Бизнес жүргізу шарттарынодан әрі жеңілдету шарасы қабылдануда», – деді.  

Қазір салықтық жеңілдіктердің өзі ғанаэкономиканың 29 секторындағы шағын және орта бизнесті қамтиды. Атап айтарболсақ, салықтық ынталандыру шарасы ретінде 2020 жылғы 1 маусымға дейін шағын және ортабизнес субъектілерін барлық салық пен әлеуметтік төлемнен босату көзделген.Экономиканың әлсіз салаларындағы мүлік салығының ставкасы, ауыл шаруашылығыөнімін өндірушілер үшін жер салығының мөлшерлемесі жыл соңына дейін жойылды.

Экономиканың аса зардап шеккен салаларыбойынша 2020 жылғы               1сәуірден 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтіктөлемдер бойынша салық мөлшерлемесі алынып тасталды. Бұл  жалақыдан ұсталатын жеке табыс салығы,міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік салық және әлеуметтік төлем, міндеттімедициналық сақтандыру жарнасы алынбайды деген сөз.

Сондай-ақ, министр микро және шағын бизнесүшін Мемлекет басшысының өткен жылы микро және шағын бизнесті үш жылға(2020-2022 жылдар бойынша) кіріс салығынан босату туралы бастамасын жүзегеасыру маңызды қолдау болғанын айтты. «Нәтижесінде, 1 млн-нан астам микро жәнешағын кәсіпкерлік субъектілері 3 жыл ішінде салықтан 382 млрд теңге үнемдейді»,– деді Дәленов.

 «БЖК2025» мемлекеттік бағдарламасына «шағын және шағын бизнесті микронесиелеу» жаңанегізгі бағыты қосылады. Қаржыландыру  6пайыздан аспайтын мөлшерлеме бойынша субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.Қазіргі кезде мұндай несиелеу бойынша мөлшерлеме жоғары. Жаңа бағыт 6 пайыздықмөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік береді. Несие айналымдағы құралдардытолықтыруға 5 млн, өндірістік қажеттілікке 20 млн теңгеге дейін беріледі. Бұлмикробизнес өкілдерін барынша кең көлемде қамтуға мүмкіндік береді. Соныменқатар, кепіл ұсыну мәселесі де шешілуде. Даму қоры негізгі қарыздың 85%-інедейін кепілдік беруді қамамасыз етеді. Шағын несие берудің  жаңа бағыты бір ай ішінде іске қосылады.

ЖансаяДүйсебайқызы

 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!
Сайт әкімшілігі 19.11.2020, 16:09
2021 жылы жұмыссыздық дендесе 42 500 теңге төлене ме?
Сайт әкімшілігі 17.11.2020, 11:24
5 теңге – 1 долларға тең болған кез. Теңге қалай құнсызданды?
Қарлығаш Зарыққанқызы 16.11.2020, 10:45
Теңгені қалай қорғаймыз?!

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52