Жолдың «жыры» биыл шешіле ме?

28.07.2020, 06:50

178


Шымкенткөшелерімен  жүк көліктерінің жүруінешектеу қойылатын болды. Ауыр көліктердің мегаполистің орталық көшелеріменжүруіне мүлдем тыйым салынды.

Жалпы, бұл мәселе миллионнан астам тұрғыны барқала үшін өте өзекті екені рас. Ауыр жүк көліктері жолды бүлдіріп, жарамсызеткеннен бөлек, көлік қозғалысына кедергі жасайды. Тіпті жол-көлік оқиғаларынада себеп.  Осыған байланысты қалаәкімдігінің қызметкерлері полиция департаментінің мамандарымен зерделеужұмыстарын жүргізіп, бірқатар шараларды қолға алды. «Мегаполисте шілде айынанбастап қала аумағында ірі габаритті ауыр жүк көліктерінің жүрісіне, үлкенсалмақты жүк көліктерінің айналма жолын және орта-кіші жүк көліктерініңжүрісіне ішкі айналма жолдар ұйымдастырылып, тиісті жол белгілері орнатылды.Ауыр жүк көліктері енді белгіленген көшелермен ғана жүре алады» деп хабарладыШымкент қалалық әкімдігі.

Үшінші мегаполисте сондай-ақ биыл жол жөндеужұмыстары қызу жүріп жатыр. Қалада автомобиль жолдарын қайта құру және орта дәрежедегі жөндеу жұмысынақазынадан 27 миллиард теңге қаржы бөлінсе, бүгінге дейін оның 9 миллиардыигерілген. Жыл соңына дейін барлық қаржы игеріледі. Бұл туралы журналистергеқалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысыныңорынбасары А.Тұрханов мәлім етті. 

– Шымкент қаласында 45 мердігер мекеме 414 шақырымжолды қайта құру және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді бастады. Құрылысжұмысына 2300-ге жуық жұмысшы және 400 техника жұмылдырылған. Қаладағы ішкіорам көше құрылысының 80 пайызы тамыз айында аяқталса, негізгі орталық көшелердіңқұрылысын қазан және қараша айларында толығымен пайдалануға тапсыружоспарланған, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Мегаполисте Байтұрсынов және Арғынбеков көшелерінің қиылысынан дендросаябаққадейінгі бөлігінде құрылыс қызу жүріп жатыр. Аталған жолдың бөлігіне бүгінгедейін тек шағал тас төселген болатын. Қазір мұнда асфальт төселіп, жаяужүргіншілер жолы, веложол және ирригация жүйесі қарастырылған.

Жалпы, мегаполисте жол жөндеуге биылдан бастап көпқаражат бөлінгенін жоғарыда айттық. Ендігі мәселе – сол қаражатты тиімді игеру.Ал оның қаншалықты сапалы орындалғаны өз алдына бөлек әңгіме.

Б.ЕРНАЗАР

Шымкентқаласы   







Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:34
Ставканы өсірдік, экономика от ала ма, әлде «шок» ала ма?!
Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58