Жыл басынан бері 7,5 трлн инвестиция тартылған

24.10.2018, 01:59

15

Министрлер кабинетінің жалпы отырысында қаралған мәселелердің бірі – Қазақстан экономикасына қайдан да болсын инвестиция әкелу.Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев шетелдік инвестиция тартуға мүдделі министрліктердің есебін тыңдап, облыс әкімдеріне біраз тапсырма жүктеді.Орта Азиядағы озып тұрған ел Үкімет отырысының күн тәртібінде инвестиция тарту, шетелдік инвесторлардың құқығын қорғап, аймақтардағы инвестициялық ахуалды жақсарту сияқты біраз мәселе қаралды. Бұл сұрақтар бойынша бірінші есеп берген Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Орта Азия елдерінің арасында тікелей инвестициясының көлемі көп бірінші мемлекет дейді.«Қазақстан Орта Азияда тікелей инвестиция тартып отырған елдердің арасында көшбасшы. Қазақстан экономикасындағы тікелей инвестицияның үлесі шамамен 70 пайыз. 2018 жылдың басынан бері негізгі капиталға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 7,5 трлн теңгеге жетті. Өсім 21,6 пайыз» — деді Үкімет басшысы мен әріптестерінің алдында есеп жасаған Жеңіс Қасымбек.Министрдің айтуынша, тау-кен өнеркәсібіне құйылған инвестиция көлемі 41,4 пайыз, құрылыстағы үлес 37,1 пайыз, өңдеуші өнеркәсіп бағытындағы инвестиция көлемі 26,4 пайыз көбейген.-Жалпы, тау-кен өнеркәсібінде тартылған инвестиция 6,7 млрд долларға, көлік саласындағы инвестиция 393,3 млн долларға, қаржы мен сақтандырудағы инвестиция – 395,5 млн долларға, ақпарат пен байланыс саласына тартылған инвестиция – 124,2 млн долларға, сауда-саттықтағы инвестиция – 2 млрд теңгеге өскен, — дейді Жеңіс Қасымбек.Инвесторларға қатысты дау-дамайлар қалай шешілмек?Қолда бар қаражатын қандай да бір жобаға, қандай да бір мемлекетке апарып құю үшін әрине инвестор ең алдымен ақшасы мен өзінің қауіпсіздігіне алаңдайды. Сондықтан, инвестор тартудағы ең басты талаптардың бірі – оларға заңдық негізде қолайлы жағдай жасау.Жеңіс Қасымбек қазір Қазақстанда ірі инвесторларға қатысты  инвестициялық дау-дамайлар Жоғарғы соттағы бірінші инстанциялы сотта қаралатынын хабарлады.«Мұндай істерді Жоғарғы сотта қарау үшін мамандандырылған сот алқасы құрылған болатын. Бұл алқа Астана қаласының соты үшін апелляциялық инстанция ретінде де бекітілген» — деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.Бұдан бөлек, Қазақстанда мемлекеттік органдармен даулы жағдай туындаған инвесторлардың мәселесін шұғыл түрде қарайтын инвестициялық омбудсмен институты жұмыс істейді.Тәуелсіз сот пен төре билер кімдердің арызын қарайды?2018 жылдың қаңтарында шетелдік инвестор тартумен тікелей жұмыс істейтін Халықаралық Астана қаржы орталығының екі институты – тәуелсіз сот пен төрелік орталығы жұмысын бастағаны хабарланған еді. Бұл екі құрылым англия елінің құқықтық принциптері бойынша жұмыс істейді.Жалпы, әлем бойынша инвестициялық келісімшарттардың 70 пайыздан астамы осы англиялық құқық негізінде жасалады. Сондықтан да, Халықаралық қаржы орталығының жұмысы үшін дәл осы жүйе таңдалған. Дубай, Гонконг, Лондон, Нью-Йорк қаржы орталықтарындағы инвесторлар тек осы құқықтық негізде жұмыс істейді.Астана халықаралық қаржы орталығының өзі ресми түрде шілдеде ғана таныстырылды. Яғни, орталық толық жұмысын бастады деуге әлі ерте. Әзірге, тәуелсіз сот пен төрелік алқаға арыз түсірген инвестор туралы ақпарат жоқ.Бірақ, Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» конституциялық заңына сәйкес, бұл екі институт қылмыстық не әкімшілік сот істерін қарамайды. Тек: Астана халықаралық қаржы орталығында жұмыс істейтін, яғни, орталықта тіркелген немесе аккредитациядан өткен заңды тұлғалардың, қаржы орталығы мен (немесе) шетелдік жұмысшының арасындағы дау-дамайларды;Астана халықаралық қаржы орталығында жасалған және осы орталық заңына сүйене отырып жасалған кез келен операцияға қатысты дау-дамайды;Екі тараптың келісімі бойынша істері қаржы орталығының сотына берілген дау-дамайларды қарайды.«Экономикалық дипломатия» Қазақстанға қанша инвестиция тартадыӘріптесі Жеңіс Қасымбекпен бірге шетелдік инвестиция тарту мәселесі бойынша баяндама жасаған Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жыл басынан бері Қазақстан басшылығының Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Финляндия сияқты ірі мемлекеттерге жасаған сапарларының арқасында экономикаға біраз инвестиция тартылды дейді. Қазақстанға да бірнеше елдердің президенттері келген.  Сол келіссөздердің нәтижесінде жалпы құны 30,6 млрд доллар 135 құжатқа қол қойылған.«Өзге елдермен екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды дамытудың тағы бір жақсы амалы – үкіметаралық комиссиялар мен іскерлік кеңестер. Осы құрылымдардың әлеуетін толық пайдалансақ, ел экономикасына тартылатын инвестицияның көлемін көбейтуге болады», — дейді Сыртқы істер министрі.Қайрат Әбдірахманов сондай-ақ виза саясатының нәтижелеріне тоқталды. Қазір Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық одақ елдерімен, сондай-ақ, Малайзия, Монако, Біріккен Араб Әмірліктері және Сингапур елдерімен визасыз режим орнатқан.Жалпы, Қазақстанда қазір шетелдік инвесторлардың қаражаты құйылған 188 жобаның тізімі жасалып отыр. Соның ішінде, 49 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып келеді, ал 51 жобаның құжаттары әзірленіп жатыр. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:36
SMART СARD сергелдеңге сала ма?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:18
Еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс теңесе ме?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:14
Цифрландыру жемісі: электронды сауда қызып тұр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 09:25
Тендер: Ал, жеңдер!

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27