Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді - Президент

10.07.2020, 08:59

95

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтіңкеңейтілген отырысында қандай мәселелер қаралатынын айтты.

 «Бүгін біз коронавирус індетіне қарсықабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелерді қараймыз. Сонымен қатар, биылғыбірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуынқорытындылаймыз. Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделіжағдайда дамып келеді. Ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендеді. Пандемияғабайланысты қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырады (5,6 пайыз). Халықтыжәне бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қабылдадық. Менің тапсырмамбойынша Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспарқабылданды. Бүгін Үкімет пен әкімдердің экономикалық өсімді қалпына келтіружәне халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде қабылдаған шараларынталқылаймыз», — деді Қ.Тоқаев кіріспе сөзінде.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын келесітәртіппен өткізуді ұсынды: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуыныңқорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде Премьер-МинистрАсқар Мамин баяндама жасайды. Ақша-несие саясатына қатысты шаралар туралыҰлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев баяндайды. Еліміздегі эпидемиологиялықахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойбаяндайды. «Сосын бірқатар облыстың басшыларына сөз беремін. Қажет болса,басқаларға да сөз беріледі. Қысқа әрі нұсқа, негізгі мәселелергетоқталыңыздар», — деді Мемлекет басшысы.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.02.2021, 10:10
Доңызға бар субсидия жылқыға неге жоқ?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.02.2021, 09:43
Банкроттар парады, банктердің «ажалы»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.02.2021, 11:56
Автобан ақылы болмақ
Сайт әкімшілігі 22.02.2021, 10:03
133 мың мигрант елден шығарылды
Сайт әкімшілігі 19.02.2021, 13:50
Доллар күрт қымбаттады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.02.2021, 12:16
Мұнай мен Құдай: Қазақ қара алтынсыз болашаққа дайын ба?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51