Алматыда Абай ескертіші маңында полиция бірнеше адамды ұстап әкетті

06.06.2020, 08:25

110

6 маусымда күндізгі сағат 10:30 шамасында Алматыда оппозициялық ұйымдар «митинг орны» деп белгілеген Абай ескерткіші маңында полиция бірнеше адамды ұстап әкетті. Полиция көлігіне отырғызылғандардың бірі «Назарбаев жүйесі құриды», "Қазақстан, алға!" деп айқайлады.

Азаттық оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратып жатыр:

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматыда Достық — Құрманғазы, Абай, Сәтпаев көшелері қиылысын полиция қоршап, «митинг орнына» адамдарды жібермеуге тырысты.

Қоршау маңына жиналған 30-40 шақты адам «біз бұл жаққа төбелес жасау үшін келген жоқпыз, барып пікірімізді айтамыз да кетеміз, жіберіңдер» деп ескерткіш жаққа қарай өткізуді талап етті. Ал полиция қызметкерлері аумақта дезинфекция шаралары жүріп жатқанын айтып, талаптарын орындамады. Мұнда полиция қызметкерлерімен қатар қорғаныш киім киген мамандар да жүр. Бірақ олар нақты қай мекемеден келгендерін айтпады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55