АҚШ-тағы Флойд толқуы. Трамп Вашингтонға өзі кіргізген 5 мың сарбазды шығаруды бұйырды

08.06.2020, 17:58

106

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 маусымда Ұлттық гвардияның Вашингтондағы бес мың сарбазын қаладан шығаруды бұйырды. Әскери күш Вашингтонға бірнеше күн бұрын, Миннеаполисте афроамерикалық Джордж Флойдтың полицей қолынан қаза табуынан кейін басталған наразылықты басу үшін кіргізген. Президент бұл шешімін ел астанасының “мінсіз бақылауда” ұстау қажетімен түсіндірген. Бұл туралы “Америка дауысы” радиосы хабарлады.

АҚШ-тың бұрынғы әскери қолбасшылары ұлттық гвардияның ел астанасынан шығарылуына қарамастан, Трамптың Вашингтонға 10 мың сарбаз кіргізу туралы бір апта бұрынғы мәлімдемесіне әлі қарсылық танытып жатыр.

Соңында Вашингтонға әуе десант күштерінің 1600 сарбазы жеткізілді, бірақ олар наразылықты басуға атсалысқан жоқ, дейді “Америка дауысы”.

АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер наразылықты әскердің күшімен басу идеясымен келіспейтінін жеткізген. Пентагон басшысын бас прокурор Уильям Барр да қолдаған.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тағы жағдай неге ушықты? Нәсілшілдікке қарсы бүлік жиі бола ма?

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56