АҚШ-тағы Флойд толқуы. Трамп Вашингтонға өзі кіргізген 5 мың сарбазды шығаруды бұйырды

08.06.2020, 09:48

113

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 маусымда Ұлттық гвардияның Вашингтондағы бес мың сарбазын қаладан шығаруды бұйырды. Әскери күш Вашингтонға бірнеше күн бұрын, Миннеаполисте афроамерикалық Джордж Флойдтың полицей қолынан қаза табуынан кейін басталған наразылықты басу үшін кіргізілген. Президент бұл шешімін ел астанасының “мінсіз бақылауда” ұстау қажетімен түсіндірген, деп хабарлайды “Америка дауысы” радиосы.

АҚШ-тың бұрынғы әскери қолбасшылары ұлттық гвардияның ел астанасынан шығарылуына қарамастан, Трамптың Вашингтонға 10 мың сарбаз кіргізу туралы бір апта бұрынғы мәлімдемесіне әлі қарсылық танытып жатыр.

Соңында Вашингтонға әуе десант күштерінің 1600 сарбазы жеткізілді, бірақ олар наразылықты басуға атсалысқан жоқ, дейді “Америка дауысы”.

АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер наразылықты әскердің күшімен басу идеясымен келіспейтінін жеткізген. Пентагон басшысын бас прокурор Уильям Барр да қолдаған.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тағы жағдай неге ушықты? Нәсілшілдікке қарсы бүлік жиі бола ма?

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына қоры" халықты жарылқай ма?!
    17.01.2022, 09:12
  • Жағдай күрделі. Соңғы тәулікте 11,5 мың адамнан коронавирус анықталды
    17.01.2022, 09:03
  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30