Ресейдің 9 аймағы Жеңіс парадын өткізуден бас тартты

12.06.2020, 14:13

163

Ресейде коронавирусқа байланысты аймақ басшылары 24 маусымға белгіленген Жеңіс күні парадын өткізуден біртіндеп бас тартып жатыр. Курск облысының билігі Жеңіс күніне арналған мерекелік шараны 23 тамызда өткізетінін айтты.

Бұған қоса, Ярославль облысы, Мордовия республикасы, Орынбор облысы да Жеңіс күнін атап өтуді кейінге қалдырған.

Ярославль облысының басшысы әзірге қоғамдық шара ұйымдастыратын кез емес деп мәлімдеді. Псков облысының билігі «соғыс ардагерлерінің денсаулығына қауіп төндірмеуді» жөн көрген.

Бұған дейін Камчатск, Перм өлкесі, Томск облысы, Белгород қаласы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күнін тойлаудан бас тартқан. Орлов облысының губернаторы да «коронавирус инфекциясы жұғу қаупі сейілмегендіктен» парад өткізбейтінін хабарлаған.

Бұған дейін президент Владимир Путин 24 маусымда Жеңіс парады өтетінін мәлімдеп, ол күнді демалыс ретінде белгілеген. Ресей армиясының бас қолбасшысы Олег Салюков 24 маусымда Ресейдің 28 қаласында әскери парад өтеді деп айтқан.

Ресейдің қалған қалаларында парад өткізу-өткізбеу мәселесін аймақ билігі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып өздері шешеді. Новосибирск қаласында парад өтеді, бірақ көрермен болмайды.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55