Пентагон Киевке 250 млн доллар көлемінде әскери көмек береді

12.06.2020, 14:13

112

АҚШ қорғаныс министрлігі биыл Украинаға USAI (Ukraine Security Assistance Initiative) бастамасы аясында 250 млн доллар көлемінде әскери көмек беретінін растады.

Пентагонның бейсенбі күні таратқан хабарламасында бұл қаражаттың жартысы әскери саладағы реформалардың жүзеге асу тиімділігіне байланысты болғаны айтылған. Ондағы ақпаратқа сәйкес, Украинаға бұл қаражат Ресей агрессиясына төтеп бере алуы үшін қосымша дайындық, жабдық және кеңес алу үшін беріледі.

Пентагон хабарламада Украинаны «Ресеймен стратегиялық бәсекелестіктің алдыңғы қатарындағы маңызды әріптес» деп атаған. Онда сонымен бірге АҚШ әдеттегідей Украинаның егемендігін және халықаралық қауымдастық мойындаған территориялық тұтастығын қолдайды делінген.

«РБК-Украина» сайтының жазуынша, Украинаның қорғаныс министрлігі елдің қорғаныс қабілетін арттыруға көмектескені үшін америкалық әріптестеріне алғыс айтқан. Киев украин үкіметінің қауіпсіздік және қорғаныс саласын реформалау және НАТО стандарттарына сәйкестендіруге басты назар аударып отырғанын айтқан.

Мәскеу Украинаға агрессия көрсеткенін және Донбастағы жағдайды ушықтырғанын ылғи жоққа шығарады.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58