Ресми статистикаға кірмеген COVID-19 тасымалдаушылары 5 мыңға жуықтады

15.06.2020, 18:51

106

14 маусым күні Қазақстан коронавирус індет белгілері байқалмаған 490 адамнан табылды. Олардың жартысына жуығы Алматы (94), Шымкент (70) және Нұр-Сұлтан (69) қалаларында. Екі аптаға жуық уақыт ішінде ауру белгісі жоқ «тасымалдаушылар» саны 4892-ге жетті.

Қазақстан билігі 3 маусымнан вирус табылған адамдарды індет белгілерінің бар-жоғына қарай “ауырғандар” және “тасымалдаушылар” деп бөліп, екі бөлек санақ жүргізіп келеді. Соңғысы ресми статистикада көрсетілмейді. Коронавирустың таралуын бақылап отырған әлемдік денсаулық сақтау ұйымдары мен орталықтары Қазақстан деректері бойынша биліктің coronavirus2020.kz деп аталатын ресми сайтына сүйенеді. Ол жерде де “тасымалдаушылар” көрсетілмеген.

Індет белгісі бар-жоқ деп бөлмей бірге санағанда, Қазақстанда бір тәулікте 803 адамнан коронавирус анықталған. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны 19701-ге жетіп отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06