Мәскеу соты АҚШ азаматын “тыңшылық жасады” деп 16 жылға соттады

15.06.2020, 18:51

114

Мәскеу қалалық соты АҚШ азаматы Пол Уиланды «тыңшылық жасады» деген айыппен 16 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Азаттықтың орыс қызметі сот залынан хабарлады.

25 мамырдағы сот отырысында прокурор Уиланды 18 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуін сұраған болатын. Ресей заңынша, тыңшылық жасау 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі. Прокуратураның сұрағаны ең жоғарғы жазаға жақын.

Уилан соңғы мәлімдемесінде өзін кінәсіз деп мәлімдеп, ақтауды талап етті.

АҚШ теңіз әскерінің бұрынғы солдаты Пол Уилан 2018 жылдың желтоқсанында Мәскеу қаласында тұтқындалған. Тергеу қызметінің хабарлауынша, Уиланнан тәркіленген флеш картасында мемлекеттік құпия саналатын ақпарат болған.

Пол Уилан тағылған айыпты жоққа шығарып, қылмыстық істі арандату деп атады. Уиланның туыстары оның Мәскеуге тойға қатысу үшін барғанын айтады.

Уиланның ісі бойынша сот отырыстары 20 сәуірде басталды. Оның адвокаты Владимир Жеребенковтың айтуынша, жауапкер тарапынан келген куәгерлер – шамамен 10 адам – Уиланның ешкімді алдап-арбамағанын, ешқандай құпия дерек жинамағанын айтты. Адвокаттың сөзінше, судьяға істе арандатудың барын көрсететін дәлел берілген.

АҚШ билігі Уиланды кінәсіз деп тауып, Ресейді өз азаматын босатуға шақырды.

АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Салливан Уиланның үкімін "әділдікті мазақ ету" деп бағалап, істің екі ел қарым-қатынасына кесірі тиеді деді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06