Қырғызстан премьері Абылгазиев жемқорлық дауынан кейін отставкаға кетті

15.06.2020, 18:51

109

Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкали Абылгазиев отставкаға кетті. Бұл туралы Қырғызстан үкіметіне сілтеме жасап, Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Бұған дейін елде «Билайн» сауда маркасына тиесілі «Скай Мобайл» компаниясына радиотолқын сату ісі бойынша тергеу басталған. Бұл істе Абылгазиевтің де есімі аталған. Кейін ол еңбек демалысына кетуге мәжбүр болған. Абылгазиев өз мәлімдемесінде «бұл жайт толық жұмыс істеуге кедергі келтіретінін» айтқан.

Шенеунік радиотолқынын сату ісіне қатысы жоғын, өзіне тағылған айып орынсыз екенін айтты. Сөзінше, тергеу орындары өзіне хабарласпаған.

Абылгазиев 27 мамырда «тергеуге қысым жасамас үшін және тергеудің әділ өтуі үшін» қысқа уақытқа демалысқа кеткен.

Қазірге бар дерекке сай, «Билайн» ұялы байланыс операторы 200 МГц жиілікті иеленген AlaTV компаниясын 1,8 млн долларға сатып алған. 2020 жылы наурызда «Билайн» AlaTV компаниясының толқынын 4G интернет үшін қайта рәсімдеген. «Билайн» мұны рәсімдеуге 700 сом төлеген.

Бұл іс бойынша бірнеше шенеунік қамалған. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, істі тергеп жатқан Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті және бас прокуратура ұсталғандардың есімін жарияламай отыр. Тек Мемлекеттік байланыс агенттігінің экс-директоры Наталья Черногубованың қамалғаны белгілі болды.

Қазір премьер-министр міндетін бірінші вице-премьер Кубатбек Боронов уақытша атқарады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31