Түркістан облысында тауға шыққан 3 оқушы адасып кетіп, біреуі қаза тапқан

16.06.2020, 15:40

140

15 маусым күні күндіз Түркістан облысы, Төле би ауданында тоғыз оқушы тәрбиешісімен бірге тауға шығып, үш оқушы адасып кеткен, оның біреуі қайтыс болған. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдай комитеті хабарлады.

Комитеттің сөзінше, сол күні 23 оқушы, үш ересектен тұратын топ Төле би ауданындағы “Біркөлік” демалыс орны маңындағы тау бөктеріне демалуға шыққан. Тоғыз оқушы тәрбиешісімен бірге тауға шығып, үш оқушы адасып кеткен.

“16 маусым сағат 00:58-де Шымкент қ. ТЖД ЖҚЖ іздестіру тобы жардан құлаған 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тауып, жерге түсіреді және полицияға тапсырады. 16 маусымда сағат 11:00-де жағдай бойынша құтқарушылар тауда орналасқан 2 оқушыны тапты. Құтқарушылардың айтуы бойынша олармен ұялы байланыс бар. Шымкент қаласы ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, балаларды түсіру және құтқару бойынша құтқару операциясын жүргізуде. Алайда, құтқару жұмыстары жартасты жерлермен, биік таулы және тік беткейлермен қиындауда” деп жазылған хабарламада.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01