Солтүстік Корея Оңтүстікпен байланыстырып тұрған бөлімшені жарып жіберді

16.06.2020, 12:09

128

Солтүстік Корея 16 маусымда Кэсон қаласындағы Оңтүстік Кореямен байланыстырып тұрған бөлімшені жарып жіберді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның бірігу министрлігі хабарлады.

«Солтүстік Корея Кэсондағы байланыс бөлімшесін 14.49 кезінде жарып жіберді» деді екі Кореяның қарым-қатынасымен айналысатын министрліктің өкілі журналистерге.

Оңтүстік кореялық Yonhap news ақпарат агенттігі Кэсон қаласы жақтан қою түтін көрінгенін хабарлады.

16 маусым таңертең Солтүстік Корея әскери басшылары Оңтүстікке қарсы шаралар бастауға дайын екенін, екі Корея арасындағы келісіммен «бейбітшілік аймағы» деп жарияланған жерлерге қайта кіретінін айтқан.

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның қарындасы, елдегі ықпалды адамдардың бірі Ким Е Чжон «жақында оңтүстік пен солтүстіктің байланысы үшңн ашылған пайдасыз бөлімшенің қайғылы сәтіне куә боласыздар» деген.

Корея соғысы (1950-53) аяқталған соң қос Корея шекарасындағы Пханмунджом аймағында әскерсіз аймақ ашылған еді.

Өткен аптада Пхеньян Сеулмен байланыс каналдарын үзген.

Оңтүстік Корея белсенділері Солтүстікке әуе шары арқылы Пхеньян мен Ким Чен Ынның саясатын сынаған парақша шашқаннан кейін екі елдің арасы суып кетті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31