Елде вирустан 127 адам қайтыс болды. Марқұмдардың көбі – Нұр-Сұлтанда

22.06.2020, 21:21

132

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 22 маусымдағы мәліметіне сай, елде тағы 7 адам қайтыс болды. Олардың басым бөлігі – Нұр-Сұлтанда. Ел астанасында 53, 64, 58, 45 жастағы ер адамдар және 53, 69 жастағы әйел адамдар; Қостанай облысында 71 жастағы ер адам COVID-19 дертінен көз жұмды.

Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы бұл марқұмдардың қазасына COVID-19 дерті себеп болды деген шешім қабылдаған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 127 адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 38
  • Алматы қаласы – 20
  • Павлодар облысы – 13
  • Шымкент қаласы – 13
  • Қарағанды облысы – 10
  • Ақмола облысы – 8
  • Түркістан облысы – 8
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қостанай облысы – 3
  • Атырау облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1

Кейінгі уақытта елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп, елде күнде кем дегенде 4-5 адам COVID-19 дертінен қайтыс болғаны хабарланып жатыр.

Қазақстан билігі коронавирус жұқтырған кем дегенде 54 марқұмды ресми статистикаға қоспай отыр. Министрлік олардың өліміне «коронавирус емес, басқа дерттері себеп болды» дейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31