Жалпы статистикаға кірмейтін "коронавирус симптомдары жоқ" 816 тасымалдаушы тіркелді

23.06.2020, 15:28

103

22 маусым күні Қазақстанда COVID-19 ауру белгілері жоқ 816 адамнан анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Аймақ бойынша көш басында – Атырау облысы (125 адам), Алматы облысы (85) және Қарағанды облысы (84).

  • Нұр-Сұлтан қаласы — 1144 (+58)
  • Алматы қаласы — 1274 (+49)
  • Шымкент қаласы — 1027 (+55)
  • Ақмола облысы — 302 (+41)
  • Ақтөбе облысы — 345 (+38)
  • Алматы облысы — 721 (+85)
  • Атырау облысы — 1186 (+125)
  • Шығыс Қазақстан облысы — 316 (+10)
  • Жамбыл облысы — 344 (+56)
  • Батыс Қазақстан облысы — 705 (+44)
  • Қарағанды облысы — 1526 (+84)
  • Қостанай облысы — 243 (+62)
  • Қызылорда облысы — 288 (+40)
  • Маңғыстау облысы — 300 (+5)
  • Павлодар облысы — 136 (+14)
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 296 (+25)
  • Түркістан облысы — 472 (+25)

Қазақстан билігі 3 маусымнан бері коронавирус жұқтырғандарды ауру белгісінің бар-жоғына қарай екі бөлек есептеп келеді. Ауру белгілері барын “ауырғандар”, жоғын “тасымалдаушы” деп атады. Билік соңғысын вирус жұқтырғандардың негізгі статистикасына кіргізбей отыр.

3 маусымнан бері 10 625 «тасымалдаушы» тіркелген. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны — 28 856.

«Тасымалдаушылар» саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі өткен демалыста Қазақстанның көптеген аймағында жекеменшік зертханалар ПТР талдауын жүргізбеді. Тұрғындар тарапынан ПТР талдауын жасатудың қиындап кеткені туралы шағымдар айтылды. Оның үстіне денсаулық сақтау министрлігі ауру белгісі болмаса, ПТР талдауын жасатпауға шақырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58