Жээнбековпен бірге ұшқан екі қызметкерден вирус табылып, президент Жеңіс парадына қатыспады

24.06.2020, 13:14

103

Ресейге барған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің екі көмекшісінен коронавирус табылып, қырғыз басшысы Жеңіс парадына қатыса алмай қалды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

«Алгоритмге сәйкес, президент Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысудан бас тартты. Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің басшысы Данияр Сыдықов және күзет қызметінің өкілінен ауру анықталды» делінген президенттің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 24 маусым таңертең жарияланған видеода Сооронбай Жээнбековтің Кремльге келгені көрінген. Бірақ ол Ресей президенті Владимир Путинмен көпшілік алдында қол алысып, амандасқан мемлекет басшыларының арасында болмаған.

Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад Мәскеуде Нұр-Сұлтан уақытымен күндізгі сағат 1-де басталған. Оған қатысып жатқан мемлекет басшылары арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Бұған дейін көптеген елдер эпидемиологиялық ахуалға байланысты парадқа қатысудан бас тартқан еді.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15