Ақорда алдында жаңаөзендіктер тұрақты жұмыс талап етіп, акция өткізіп жатыр

25.06.2020, 10:04

149

25 маусымда Нұр-Сұлтанда Ақорда алдында Жаңаөзеннің бірнеше тұрғыны тұрақты жұмыс талап етіп, акция өткізді. Олардың арасында 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезінде жарақат алған мұнайшылар Ермұхан Иманалиев және Мұханбет Серікбаев, «тергеу абақтысындағы азаптау» жайлы мәлімдеп, ауыр науқастан екі жыл бұрын қайтыс болған мұнайшы Мақсат Досмағамбетовтің шешесі, 12 баланың анасы Оңайгүл Досмағамбетова және оның ұлы Қайрат Досмағамбетов те бар.

Ақорда маңында акция өткізіп тұрған жаңаөзендіктер. Нұр-Сұлтан, 25 маусым 2020 жыл. /> Ақорда маңында акция өткізіп тұрған жаңаөзендіктер. Нұр-Сұлтан, 25 маусым 2020 жыл.

Ермұхан Иманалиевтің қолында "Қазмұнайгаз басшысы Алик Айдарбаев, біз де жақсы өмір сүргіміз келеді" деген жазуы бар плакат бар. Наразылардың айтуынша, олар бұған дейін жұмыс сұрап, барлық қажетті мекемелер мен органдарға, "Өзенмұнайгаз" компаниясына барып, арыз-шағымдарын айтқан. Алайда талаптары сол күйі орындалмаған.

«Бұл талаптарымыз орындалмайынша және Алик Айдарбаев бізбен кездеспейінше бұл жақтан ешқайда кетпейміз» деді наразылар.

Штаттық киімдегі және арнайы жасақ өкілдері, Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев наразыларды бақылап тұр. Әзірге ешкімді ұстамаған.

Жаңалық толықтырылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31