Алматы мен Нұр-Сұлтанда демалыс күндері шектеу күшейеді

26.06.2020, 16:19

108

Қазақстан билігі елде тараған коронавирусты тоқтату амалы үшін екінші апта қатарынан Алматы мен Нұр-Сұлтанда сенбі-жексенбіде «карантиндік демалыс» жариялады.

27-28 маусымда Алматы мен Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары, супермаркеттер, базарлар және парктер, фитнес орталықтар, жабық ғимараттағы тамақтану орындары жабылады. Тек ашық аспан астындағы тамақтану орындары, көпқабатты үйлердің астындағы шағын азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Қоғамдық көліктер де тоқтайды. Қарт адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылды. Қала биліктері жұртты сенбі-жексенбіде албаты көшеге шықпауға шақырады.

Маусымның басынан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар күрт өсіп, қазір 33 мыңнан асты. Елде пневмонияға шалдыққандар да көп. Алматы мен Нұр-Сұлтандағы инфекциялық ауруханалардың 90 пайызы толы.

Қазақстан 11 мамырда елде коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай режимін аяқтап, карантин шектеулерін жеңілдете бастаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55