Бір күнде 1109 адамнан КВИ анықталды. Вирус жұқтырғандар 50 мыңға жақындады

07.07.2020, 15:34

105

6 шілде күні Қазақстанда COVID-19 инфекциясы 1109 адамнан анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Министрлік мәліметінше, вирус жұқтырған 649 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмаған.

Бұл коронавирус індеті өршіген кейінгі үш аптадағы ең төменгі көрсеткіш. Осыған дейін коронавирус күн сайын шамамен 1,5 адамнан анықталып отырған. Вирус жұқтырғандар саны соңғы аптада күн сайын 300-ден асып отырған Атырау облысында 101 жағдай тіркелген.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 49 683-ке жетті. Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Алматы қаласы – 6358 (+157 жаңадан қосылды),
Нұр-Сұлтан қаласы -5984 (+95),
Атырау облысы — 5892 (+101),
Қарағанды облысы — 5336 (+93),
Шымкент қаласы — 3594(+39),
Батыс Қазақстан облысы — 3423 (+128),
Алматы облысы — 2691 (+51),
Шығыс Қазақстан облысы — 2178 (+62),
Түркістан облысы — 2041 (+52),
Ақтөбе облысы — 1828 (+86),
Жамбыл облысы — 1789 (+59),
Маңғыстау облысы — 1590 (+13),
Ақмола облысы — 1484 (+32),
Павлодар облысы — 1460 (+52),
Қызылорда облысы -1456 (+7),
Солтүстік Қазақстан облысы — 1418 (+19),
Қостанай облысы — 1161 (+63).

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58