Ақ үй ДДСҰ-дан шығу ниетін БҰҰ-ға ресми хабарлады

08.07.2020, 18:29

148

6 шілде күні Вашингтон БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттеришке АҚШ-тың тура бір жылдан соң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын ресми түрде хабарлады.

АҚШ ДДСҰ-ның ең ірі доноры салады. Оның ұйым бюджетіндегі үлесі – 15 пайыз. Осыған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп ДДСҰ-ны бірнеше рет сөккен болатын. Трамптың сөзінше, ұйым Қытайда коронавирус инфекциясының тарауы жөнінде «сенімді деректерді» елеусіз қалдырған, ресми Пекиннің дегеніне көніп отырған және өте баяу әрекет жасаған.

Пандемия әлемдік экономиканың қарқынын дереу баяулатып, жұмыссыздықты күшейтіп жіберді. Жұмыссыздық қараша айында екінші рет президент сайлауына түскелі отырған Трамптың саясаттағы тағдырын анықтауы мүмкін. АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі жыл басында 3,5 пайыз болса, сәуірде 15 пайызға өскен.

Трамптың коронавирус эпидемиясының алдын алуға бағытталған шаралары қатты сынға ұшырады. АҚШ COVID-19 ­өлімі және жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында. Сыншылары Трамптың бар кінәні ДДСҰ-ға ысырғысы келетінін айтып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31