Өзбекстанда белсенді қыздар сексизм мен зорлық-зомбылыққа қарсы акция өткізді

08.07.2020, 18:29

226

Өзбекстанда Exponautz Art Gallery онлайн қауымдастығының бірнеше белсендісі әйел құқықтарын қолдау мақсатында сексизм мен зорлық-зомбылыққа қарсы акция өткізді. Белсенді қыздар “Өзбекстан” қонақүйінің және Достық үйінің жанында “Әйел жануар емес!”, “Келін малай емес”, “Менің денем – менің шаруам!” деген жазуды ұстап тұрып суретке түсті.

Онлайн-қауымдастықтың қатысушы қыздары суреттерді әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады. Exponautz Art Gallery тобының флешмобын жергілікті блогерлер қолдады.

“Сексизм, мизогиния, слатшейминг, харассмент, зорлық-зомбылыққа, виктимблейминг, менсплейнинг, ксенофобия – біз мұның бәрінен шаршадық. Біз мұның мұның бәрі қалыпты, өтеді де, кетеді деген ойдан, үнсіздіктен және төзуден шаршадық. Біздің қорқып, ұялып, тығылып, жасырынғымыз келмейді. Біздің бар қалайтынымыз қандаймыз сондай болып жүргіміз келеді, не киюді, істеуді, ойлауды және айтуды өзіміз шешкіміз келеді. Өзбекстандағы оқиғалар туралы барлық ақпаратқа байланысты елдегі мезі болған мәселелерге арналған шағын әлеуметтік флешмоб өткізгіміз келді” деп жазды қауымдастық қатысушыларының бірі Facebook-те.

Осы акцияға дейін Өзбекстанның Ферғана қаласында жас жігіт қысқа шалбар (шорты) киген қызды соққыға жыққан. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, бірақ іс сотқа жетпеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    08.12.2021, 12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00