Тоқаев үкіметті сынап, "жағдайда түзеуге" екі апта мұрсат берді

10.07.2020, 11:23

94

Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты екі аптаға енгізілген карантин жағдайды түземесе, үкімет отставкаға кетуі мүмкін. Бұл туралы жұма, 10 шілде күні үкіметтің кеңестілген отырысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Екі аптадан (карантин біткеннен) кейін жағдай жақсарады деп үміттенемін. Егер олай болмаса, үкіметтің қазіргі құрамының жұмысына байланысты мәселе туындайды», — деп мәлімдеді Тоқаев.

Үкіметтің бұл отырысы телеарналардан көрсетілмеді. Ақпаратты президенттің баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасынан таратып отыр.

Қазақстанда маусымның орта шенінен бастап коронавирус індеті өршіп, вирус жұқтырғандар мен өлім-жітімнің күрт көбейіп кеткен соң билік 5 шілдеде елде екі апталық карантин жарияланды. Оның алдында Қазақстанда коронавирусты тоқтату үшін 16 наурыз — 11 мамыр аралығында төтеншей жағдай режимі жарияланып, жұрт екі айдай қатаң карантинде отырды.

29 маусымда Ақордада өткен кеңесте Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы үкіметтің жұмысын сынаған болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06