144 млрд теңге дауы: Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды

12.12.2019, 17:42

8

Бүгін Алматы қаласыныңқылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында экс-банкир Жомарт Ертаев ісіқаралды.

Сот отырысынаЖомарт Ертаевтан бөлек, 36 айыпталушы қатысты. Олардың ішінде «РБК Банк»басқармасының бұрынғы төрағалары Марпу Жақыпова мен Игорь Мажинов, «DSFK»экс-төрағасы Мәди Мамбетов, «РБК Банк» басқарма төрағасының бұрынғы орынбасарыТимур Шарипов, «Қазақ Банктің» экс-акционері Бақыт Ибрагимов және айыптаушытарап Жомарт Ертаевтың сенімді өкілі деп атаған Татьяна Пак бар.

Жомарт Ертаевпенбірге отырған 9 айыпталушыны қамау мерзімі 2020 жылдың 28-ші мамырына дейінұзартылды. Сотқа 3 прокурор, 30 адвокат қатысты. Істі Алмалы аудандық сотыныңсудьясы Роман Селицкий қарады.

Жомарт Ертаевқа «2011-2017жылдар аралығында «РБК Банктен» 144 миллиард теңге жымқырды» деген айыптағылған. 2018 жылдың 8-ші мамырында оны Интерпол қызметі Мәскеуде ұстады. ОлРесейден босқын мәртебесін алған. Дәл осы жылдың қазан айында Ресей Бас прокуратурасыоны Қазақстанға экстрадициялау туралы өтінішті қанағаттандырмады.

2018 жылдың қарашаайында одан босқын мәртебесі алынып, 2019 жылдың наурызында Мәскеу қалалықсотының шешімі бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Ол сол уақыттан беріқамауда отыр.

Келесі сот отырысыжелтоқсан айының 26-ы күні өтеді.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04