2021 - Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

06.04.2021, 15:16

738

Еліміздің сыртқы саясатының негізгі ұстанымы-аймақ пен әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау. Осы бағытта  Қазақстанның  БҰҰ аясында бейтарап құқықтық принциптерді жүзеге асыру, бейбітшілік қадамдарды ілгерлету және әлем елдері арасында өзара сенім мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізген ілкімді бастамалары ерекше маңызға ие. Республикамыздың халықаралық аренадағы ерекшелігі қанға сіңген қағидаға айналған қайырымдылық, гуманизм мен мәңгілік татулық тұғырын орнатуға  негізделген.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қуаттайды. Бас Ассамблеяның басты қағидасын құптайтын ұқсастық біздің ұлттың бүгінгі әрекетінен аңғару қиын емес. Бұл тарапта республикамыздың  ымыралы дауларды бейбіт жолмен шешу,  ұлттық құндылықтарды қолдана отырып жас буынның санасын зұлмат соғыстан қорғау басты ұстанымға айналып отыр.  

— «Бүгінде әлемде болып жатқан шиеленістер мен оқиғалар өркениет дағдарысына, алыптар арасындағы дауға ұласып жатыр. Осы ретте біздің қоғамдағы биік рухани құндылық еліміздің одан әрі тұрақты өркендеуіне, Қазақстан тұрғындарының бейбіт өмір сүріп, жан-жақты дамуына, халық игілігіне еңбек етуіне мүмкіндік беріп отыр. Бұл дәстүрді сақтап қалу-біздің басты парызымыз. Өйткені бізге қарап бой түзейтін мемлекеттер көп»,-дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов.

 Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресінде мемлекетіміз 2021-жылды Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы» деп жариялады. Жақында  Ұлттық кітапханада БҰҰ Бас Ассамблеясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі қарарын жариялау шеңберінде «2021-Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы» деген тақырыпта тұрақты кітап көремесін ұйымдастырды.

Осы аттас жылды мерекелеу-халықаралық қоғамдастықты бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды өзара сенімділікке нығайту тәсілі болмақ.  73 мемлекет қаржыландырған БҰҰ Қарарында саяси диалог, тұрақты татулық, ымырасыз ынтымақ пен ортақ келісімге қол жеткізу көзделген. Қарардың негізігі ережелері  мәртебелі ұйымның «халықтардың теңдігі және өзін-өзі анықтау» қағидатында көрсетілген  ұлттар мен ұлыстардың достығын баянды ету болып табылады.  Маңызды құжатта сондай-ақ: Бейбітшілік-бұл тек қақтығысты болдырмау емес, диалогты ынталандыратын позитивті, динамикалық қатысушылық процесс» деп көрсетілген.

Тұрақты даму қағидалары 17 мақсатты ұстанған.  Қарарды БҰҰ-на мүше 193 мемлекет 2015 жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте өткен мемлекет басшыларының тарихи саммитінде бірауыздан қабылдады. Жоғарғы ұйымның жаңа күн тәртібі  ұйымға мүше мемлекеттерді алдағы негізге алған мақсаттарға 15 жылдың ішінде  жетуге шақырған. Ортақ мақсатты ұстанған құжаттың қағидасы- бейбіт заманды ұзарту мен бірге өркендеуді көксейді.  

Белгілі сарапшы Әнуар Шортанбай осы тұрғыда Қазақстан беделді міндетті еңсеруде жолбасшы боларына сенімді. Себебі:

— Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін өте жақсы білетін адам, яғни БҰҰ Бас хатшысының орынбасары  лауазымында болғанын есте шығармаған жөн. Қоғам қайраткері ұйымның барлық құрылымы мен жұмысын жіті біледі. Қазақстан көшбасшысының осы саладағы мол тәжірибесі мен білімі  БҰҰ-дағы беделі мен жеке байланыстары алға қойған мақсаттарды орындауға ықпал етеді-дейді.                                                         

           Адамдарды ортақ рухани-адамгершілік құндылыққа топтастырып, қоғамды толеранттық құндылыққа шақырып, бейбітшілікті тұрақтандыруда еліміз бейбітшілік бесігіне айналып отырғаны мәлім.

Себебі бұл-Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстан- бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері» болған мықты қазық. Олай болса, еліміздің   халықаралық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейту және адамзат прогресін ілгерлету жолындағы шешімдерді іздеуге бағытталған стратегияны әлемдік қоғамдастық та қолдайды деген үміттеміз. Еуропаның кіндігінде орналасқан отанымыз осы күні бейтараптық, ымырасыздық, тату көршілік  қағидалары дипломатиялық саясаттың діңгегі болып қала беретінін нақты әрекеттермен дәлелдеп отыр. 

Қазақстан-барша адамзаттың алаңсыз өмір сүруі үшін жаhанда бауырластық пен бейбітшіліктің берекесінің баянды орнығуына  үні мен  үлесін қоса беретіні анық.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00