25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр

Сайт әкімшілігі

20.01.2021, 18:15

963

25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Мәжілісте сотталған адамдарды беру туралы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы келісімді таныстыра отырып мәлімдеді, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Оның айтуынша, Қазақстанда Оңтүстік Кореяның бір ғана азаматы жазасын өтеп жатыр.

«Келісім ратификацияланғаннан кейін біздің елшілік жұмыс істейді, сотталған қазақстандықтарды аралайды, оларға өз еліне оралу мүмкіндігі бар екенін түсіндіреді. Біріншіден, ол Қазақстан азаматы болуы керек, екіншіден, азаматтың елге оралуға келісімі болуы керек. Бізде осы 25 адамды қайтару үшін барлық заңды негіздер бар», — деп түсіндірді Марат Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Соеымен қатар, Қазақстанның тағы 26 азаматы жауапқа тартылып жатыр, бірақ олар бойынша сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Дауыс бергеннен кейін шартты ратификациялау мақұлданды.

»Бұл келісім біздің азаматтар үшін маңызды. Конституцияға сәйкес мемлекет шетелдегі азаматтарымызды қорғауға кепілдік береді. Сонымен қатар біз сотталған азаматтарымызды шетелде қалдырмаймыз. Әрине, біз сотталған адамдарды беру тәсілдерін реттейміз", - деп қосты Бас прокурор орынбасары.

Сотталушылар бізге келесі жағдайларда ауыстырылады: егер сотталған адамның жазасын өтеуіне бір жыл қалса және сотталған адам ауыстыруға келісімін берсе. Бүгінде Қазақстан 70-тен астам елдермен қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықта. 32 елмен 68 екіжақты шарт жасалды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?
Сайт әкімшілігі 17:23
Зейнеп Ахметова:"Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды"
Ермек Мұқанғалиев 11:46
Қазақ қайткенде ұлттық болмысын сақтап тәуелсіз ел болып қала алады?
Сайт әкімшілігі 09:30
Қаңтар оқиғасымен айналысатын тағы бір қоғамдық комиссия құрылмақ
Сайт әкімшілігі 24.01.2022, 12:53
Сағынтаев азық-түлік дүкендерін қиын-қыстау кезде бағаны негізсіз өсірмеуге шақырды
Сайт әкімшілігі 24.01.2022, 10:16
Ұсталған азаматтарды азаптап жатқаны рас па:Бас прокуратура жауап берді

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48