255 елдімекен мен 100 мыңнан астам үй қауіпті аймақта тұр

Сайт әкімшілігі

24.01.2023, 13:25

1148

Үкімет отырысында су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары қаралды. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, бүгінде 255 елдімекен мен 100 мыңнан астам үй қауіпті аймақта тұр.  

«Бүгінгі таңда су тасқыны кезеңіне толық дайынбыз деп айта алмаймын. 255 елдімекенді су басу қаупі бар, бұл 127 мыңнан астам үй мен 700 мыңнан астам азаматқа қауіп төндіруі мүмкін. Өткен жылғы су тасқынына жүргізілген талдау нәтижелері оның негізгі себептері – өзен арналарының шамадан тыс лайлануы, дренаждық жүйелердің жоқтығы, су қорғау белдеулеріне үйлердің салынуы екенін көрсетті», – деді Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Оның сөзінше, су басу қаупі жоғары өңірлерге: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары кіреді.

Тәуекелдері орташа аймақтар қатарында: Ұлытау және Павлодар облыстары.

«Ақтөбе және Алматы облыстарында қазірдің өзінде елді мекендердің көшелерін су басып жатқаны туралы фактілер бар. Ауа райы болжамына сәйкес, алдымыздағы ақпан айында оңтүстікте ауа температурасы мен жауын-шашын нормадан жоғары болуы мүмкін. Бұл – „айтып келетін апаттың“ нағыз өзі. Сондықтан оңтүстік өңір әкімдіктері осы бастан су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтулері керек», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы өңірлер су тасқынына толық дайын еместігін айтты. Қажетті шаралар ұзақ уақыт бойы қабылданбай келеді. 

«Дайындық жұмыстарының сапасына қатысты халықтың тарапынан да түсіп жатқан шағымдар аз емес. Өйткені, олар өздерінің үй-жайына, мал-мүлкіне алаңдап отыр. Мәселен, Ақмола облысының Қошқарбаев ауылында Нұра өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарына қаржы бөлінбей отыр. Онда әр жыл сайын тасыған су жағалауды бұзып өтіп, үйлерге дейін жетеді», — деді Әлихан Смайылов.

Алматы, Абай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Астанада және Алматыда дренаждық жүйенің қатты жауын-шашын мен тасыған селге шамасы жетпейді.

Үкімет басшысы барлық өңір әкімдері қарды, әсіресе, ауылдық елдімекендерде уақытылы шығаруды қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті.

Тағы бір маңызды мәселе – тасқын кезінде жолдардың шайылып кетуі мен бұзылуы. Мысалы, Қарағанды облысының тұрғындары жыл сайын жолдың шайылып кетуінен Нығман кентімен қарым-қатынас қиынға түседі деп шағымданады. Ауыл тұрғындары азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын алдын ала дайындап алуға мәжбүр.

«Мұндай жағдай болмауға тиіс. Әкімдік бұл проблеманы түпкілікті шешуі қажет. Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен өңір әкімдері жолдардың, көпірлер мен су өткізу бекеттерінің су тасқынына дайындығын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауы керек», — деді Премьер-Министр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:19
Каналдар толып жатыр: Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоғары болып тұр
Әсет МАТАЕВ 02.02.2023, 14:15
Біздің ұрпақ мәселелерді шеше алады!
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 02.02.2023, 07:20
Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 14:24
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алу үшін банк шарттары аталды
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 01.02.2023, 11:26
«Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер!»
Несіпхан ҚОҢЫРБАЕВ 01.02.2023, 04:13
Сұмдық демеске лаж жоқ...

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16