287 мыңға жуық қазақстандық баспана алуға кезекте тұр

Еркежан АРЫН

23.08.2021, 09:10

938

       Қазақстанда 286 811 адам әлеуметтік баспана кезегінде тұр. «Тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі, бірақ адамдар оған несие төлеуге мәжбүр болмайды. Азғана жалдау ақысы табысы төмен адамдар үшін өте қолжетімді. Облыстық әкімдіктер осы мақсатта 22,6 млрд теңге алды. Өңірлер кесте бойынша жақсы жұмыс жасауда, олар бұл соманың 96,7 пайызын игерді. Бірінші жартыжылдықта жалпы ауданы 36,4 мың шаршы метр болатын 594 пәтер пайдалануға берілді. Пәтерге мұқтаж адамдар төрт санатқа бөлінеді. Ең үлкені – халықтың әлеуметтік осал топтары. Олардың ішінде:

• 107 Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектері;

• 59 050 жетім балалар;

• 46 378 1-ші және 2-топтағы мүгедектер;

• Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне жеңілдіктермен теңестірілген 4047 ардагер;

• мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 22 782 отбасы;

• 17 600 қарт зейнеткерлер;

• 34 182 толық емес отбасы;

• 1449 оралман отбасы;

• ауыр сырқатпен ауыратын 712 отбасы;

• экологиялық апаттар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан баспанасыз қалған 182 отбасы;

• асыраушылары мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, адам өмірін құтқару мен құқық тәртібін қорғау кезінде қайтыс болған 125 отбасы;

• басқа мемлекеттер аумағындағы  әскери операциялардың 115 ардагері бар.

       Тағы бір санат – көпбалалы отбасылар. Осындай 73 374 отбасы баспана кезегінде тұр. Жастар мен бюджеттік сала қызметкерлерінің арасында 209 073 адам кезекте тұр, тағы 2908 адам ​​жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған қазақстандықтар.

       Биыл 14 568 отбасы ерекше мұқтаждар тізімінен пәтер алуы тиіс. Бұл үшін мемлекет 103,7 млрд теңге бөлді. Пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы ауданы 776,3 мың шаршы метр болуы керек. Төрт санат бойынша бюджет бөлек бөлінетіні және бақылау да бөлек жүргізілетіні айтылды.

      2017-20 жылдар аралығында Қазақстанда «халықтың әлеуметтік осал топтары» санатынан кезекте тұрған 16 мыңға жуық адам баспаналы болды. 2021 жылы олар үшін 5583 пәтер салынады. Бұл үшін ел бюджетінен 39,7 миллиард теңге бөлінді. 1 шілдеге дейін 344 пәтер пайдалануға берілді.

Көпбалалы отбасыларға баспана аналар арқылы беріледі. «Алтын алқа», «Күміс алқа» ілгектерімен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар, «Батыр ана» атағының иегерлері пәтер алуға құқылы. 2019-20 жылдары 10,2 мыңнан астам көпбалалы отбасы баспаналы болды. 2021 жылы 5905 пәтерге 42,4 млрд теңге бөлінді. Бірінші жартыжылдықта 250 отбасыға пәтер берілді.

        Төрт мыңнан астам жас маман 2019-20 жылдары жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Биыл осы санатқа 3080 пәтер беріледі, бұл үшін 21,6 млрд теңге бөлінді. Бірінші жартыжылдықта 2,5 млрд теңге аударылды, ол 100 пайыз игерілді. Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы 2025 жылға дейін жұмыс істейді. Биыл Шымкентте – 900, Алматыда – 1130, Нұр-Сұлтанда 3080 пәтер пайдалануға беріледі.

Тегтер: баспана мәселе тұрғын үй кешен тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39