4 миллион тұратын аялдама

27.08.2018, 20:55

145

Атырау қаласында келешекте жабық аялдамалар пайда болып, ол жерлерден секциялар, дәріханалар, дүкендер ашылады. Аялдамалардың көлемі кішілерін орнату құны 4 млн.теңгенің, үлкендері – 8-9 млн.теңгенің маңайында болмақ. Жақында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ осылай деп мәлімдеді.Бір қызығы, шаһар аялдамалары бір кездері осындай жабық болған-ды. Облысқа Бергей РЫСҚАЛИЕВ басшылық еткен тұста олардың бәрі сүріліп, орнына жан-жағы ашық, әйнек аялдамалар орнатылды. Аялдамалардан сауда нүктесін ашқан кәсіпкерлерге өтемақы төленді. Алайда, содан бері көшелерде тұрған «мөлдір» аялдамалар өзінің тиімсіздігін әбден дәлелдеп бақты. Онда қоғамдық көлік күткен жүргіншілер қыстыгүні бүрсеңдеп тұрса, жаздыгүні аптап ыстықта көлеңке таппай, аялдаманың артына тығылатын.Қазіргі таңда Атырауда «Атырауинжстрой» ЖШС Баймұқанов, Тайманов, Владимирский көшелеріне отызға жуық 4-10 метр аралығындағы аялдама павильондарын салып жатыр. Олардың ішіндегі ірі аялдама кешендерінен кәсіпкерлік нысандары бой көтермек. Одан бөлек, аялдамаларда сымсыз интернет жүйесі, ұялы телефонды қуаттайтын тоқ көзі, бейнебақылау камерасы, басқа да өркениет жетістіктері болатыны айтылуда.Фотолар автордікі. МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44