650 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

Сайт әкімшілігі

03.02.2021, 22:21

364

Түркістан облысында биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 650 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілмек. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы 600 мың шарты метр тұрғын үй тапсыру жоспарланып, жыл қорытындысы бойынша облыс тұрғындары 750 мың шаршы метрге жуық баспанамен қамтамасыз етілді. 6000-нан астам отбасында қоныс тойы тойланды. Осылайша былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы 125 пайызға орындалды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан қаласындағы 12 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталып, 660 отбасы пәтер алды. Олардың ішінде баспана кезегінде тұрған азаматтар мен несиеге алған тұрғындар бар. Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімшілік іскерлік орталығында жаңадан 7, 9 және 12 қабатты  65 тұрғын үйлердің құрылысын жүргізілуде. Тұрғын үйлердің құрылысы биыл толық аяқталады. 

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша, баспанаға мұқтаж кезекте тұрған 800-ге жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, Кентау қаласы – 600 пәтер, Түлкібас – 24 пәтер, Шардара – 80 пәтер, Сарыағаш – 90 пәтер пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, аудан, қалаларда көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін екінші деңгейдегі нарықтан мемлекеттік бюджет есебінен 400-ге жуық пәтер сатып алынды. Жыл қорытындысы бойынша барлық баспаналар өз иелерін тапты.

Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген 2617 жер телімдеріне су, электр және газ құбырлары толық тартылды. Бұл облыс көлемінде жер кезегінде тұрған азаматтарға бөлінді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту үшін нақты жұмыстар жалғасуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 18:00
Тоқаев Ақордада Абу Даби шейхін қабылдады
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2023, 15:00
Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 12:11
Алматы облысында энергия тапшылығы қалай шешімін табады?
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 11:00
Министр БАҚ пен журналистиканың жайы туралы айтты
Жарас ШӨКЕ 26.05.2023, 09:51
Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 12:24
Шымкент – 100 пайыз

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31