9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, кей облыста үсік жүреді

Сайт әкімшілігі

25.04.2022, 08:44

675

Қазгидромет 25 cәуірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Таулы және тау етегіндегі аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі. Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде желдің күші 15-20 м/с жүреді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман болады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады

Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай жарқылдайды.

Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.

Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда, күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Шымкент қаласында 25 сәуірде түнде кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түнде 25 сәуірде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз 25, таңертең және күндіз 27 сәуірде қатты жаңбыр күтіледі.

Тегтер: ауа-райы болжам жол жабу көлік қозғалысы қауіпсізідік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01