А.Тоқпанов пен К.Әзірбаевтың ескерткіші бой көтереді

23.11.2019, 12:21

136

Жамбыл облысының 80 жылдық мерекесіндекөпшілік Мәдениет саласындағы мәуелі істердің жемісіне де куә болмақ. Бұл ретте Тараз қаласындағы Тектұрмас тарихи-этнографиялық кешеніжәне облыстық қазақ драма театрының алдында Қазақстанның халық әртісі,өнертанушы Асқар Тоқпановтың, «Баласағұн» орталық концерт залының алдында халықақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кенен Әзірбаевтың ескерткіші бойкөтереді.

Бұдан бөлек,Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің алдында «Әуендер әлеміалаңы», «Тараз-Арена» спорт сарайының алдында «Даңқты спортшылар алаңы» ашылмақшы.Бұл халықтың өнерге, спортқа деген сүйіспеншілігін, құрметін арттырары сөзсіз.

Сонымен қатар,Шахристан этно-мәдени кешенінің аумағында орта ғасырлық шығыстық сәулетстилінде «Руханият және тарихтану» орталығы, Қолөнер шеберлерінің галереясы,Көркемсурет галереясы, Облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Ретро-фестиваль»амфитеатры, Көрме павильоны, қаланың кез келген тұсынанан көрінетін «Сағат»стелласы, «Арбат-2» жаяу жүргіншілер алаңы ашылып, облыс жұртшылығыныңқуанышына айналғалы отыр.

Өз кезегінде Жамбылоблысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Ынтықбаев:

«Жамбыл облысының 80 жылдық тойы қоныстойға ұласып, көпшіліктің қуанышын еселеу үстінде. Мәселе 80 жылдықты тойлауемес, халыққа пайдасы тиетін, тұрмысын жақсартуға бағытталған нысандарды елигілігіне пайдалануға беру. Атап айтқанда, мереке қарсаңында Тараз қаласында 44пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға берілсе, 80 пәтерлі 6 үй, 60 пәтерлі 2 үй жәнеСарысу ауданы, Жаңатас қаласында 120 пәтерлі 1 тұрғын үйдің кілттері алдағыкүндері табысталатын болады»,- деді.

Сонымен қатар, Жуалы ауданы, Б.Момышұлыауылындағы «Көктөбе» жаңа тұрғын алқабындағы инфрақұрылым нысандары, Шуқаласындағы 258,7 гектар тұрғын үй массивін инженерлік-коммуникациялықинфрақұрылыммен жабдықтау жүйесі, Далақайнар ауылындағы орта мектепте жапсарласнысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, спортзал, асхана, технология кабинеттерііске қосылмақшы екен. Денсаулық сақтау саласында да жағымды жаңалықтар жетерлік.

«Мәселен, облыс аумағындағы 41 елді мекендеалғашқы медициналық көмек көрсету пунктері ашылып, ел игілігіне тапсырылуда»,-деді ол. Тағы бір айты кететін жайт, тіршілік көзінің түйіні шешіліп, Шуауданының Абай, Мойынқұм ауылдарында және Қордай ауданының Әлжан ана ауылы,Жуалы ауданының Қарасаз ауылында сумен қамту жүйесі іске қосылмақ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Сайт әкімшілігі 12:26
Нұр-Сұлтанда жалақы өсіруді талап еткен жүзден астам краншы жұмысын тоқтатты
Сайт әкімшілігі 11:52
Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды
Сайт әкімшілігі 09:45
Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 09:20
Бас санитар карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51