Абай облысындағы орман өрті: төтенше жағдай жарияланады

Сайт әкімшілігі

25.05.2023, 11:03

2611

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, орман өртін сөндіру бойынша жедал штаб құрылды. Жағдай ерекше бақылауда.

"Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Орман алқабындағы өртті сөндіруге желдің екпіні және су-батпақты жерлер кедергі келтіріп, ауыр техниканың қозғалысын қиындатуда. Өрт шалған аумақтың ауданы 3,5 мың гектарды құрайды. Орман өртін сөндіруге 201 бірлік техника, 8 тікұшақ, 1 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 852 адамы жұмылдырылды", — деді облыс басшысы үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бүгін Бородулиха ауданы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланады.

«Елді мекендерге қауіп жоқ. Дегенмен сақтық шаралары мақсатында 277 адам өздігінен туыстарының үйлеріне эвакуацияланды. Тонау фактілерін алдын алу мақсатында эвакуациялау орнында 20 полицей кезекшілік жасап жатыр. Бородулиха ауылында 331 орынға шұғыл эвакуация жағдайына 3 эвакуациялық пункт дайындалды», — деді Ұранхаев.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күршімбаев өрт орнында ТЖ министрінің атынан жетекшілік ететін вице-министр жүргенін атап өтті.

Бастапқы кезеңде өртті сөндіру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен 434 адамнан, 109 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 1 өрт сөндіру пойызынан тұратын азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары топтамасы құрылған.

Жедел жағдайдың нашарлауына байланысты премьер-министрдің тапсырмасымен республикалық жедел штабтың отырысы өтіп, мемлекеттік органдарға тиісті міндеттер қойылды.

«Экология министрлігіне өрт сөндіру жетекшісі ретінде көмектесу үшін төтенше жағдайлар және қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдары қосымша жіберілді. 10 тікұшақ жұмылдырылды оның ішінде 5-і – ТЖМ, 3-і – ҚМ, 2 бірлік ЭТРМ. Әлихан Асханұлы, 4 әуе кемесі бүгін таңертең сіздің тапсырмаңыз бойынша өрт орнына келді», — деді Күршімбаев.

Айтуынша, 10 тікұшақтың 8-і су ағызуға, 2-уі барлау және десанттарды жеткізу үшін жұмылдырылды.

«Жағдай бақылауда, өртті оқшаулау және сөндіру бойынша барлық шара қабылдануда», — деп сендірді ТЖ министрінің орынбасары.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 18:00
«Жасыл Қазақстан» экологиялық мәдениетімізді көтере ала ма?!
Жанна АХАТҚЫЗЫ 15:26
Әйел өз құқығын білуі керек
Досхан ЖЫЛҚЫБАЙ 13:13
ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ...
Нұрболат ӘЛДИБЕК 09:37
Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
Сайт әкімшілігі 07.06.2023, 17:40
Маңғыстау туризм орталығына айнала ма?!
Еркежан АРЫН 07.06.2023, 14:15
QR-код: тұтынушының құқын қорғай ала ма?

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00