Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

22.09.2021, 15:40

617

Осымен он бесінші мәрте өткізілген   Абай оқулары  дәстүрлі облыстық  байқауына 16-25 жас аралығындағы әдебиет пен поэзияға жаны жақын жастар қатысты. Бұл жолы сайыста бақ сынаған  62 үміткер ұлы ақынға арнау жазып, кемеңгер ойшылдың өмірі мен шығармашылығы жайлы креативті бейнероліктерін жіберді. Есімдері өңірге танымал ақындар мен әдебиетшілерден, журналистер және мәдениет саласының майталмандарынан құралған қазылар алқасы байқауға келіп түскен туындыларды  екі ай бойы қарап, талқыға салды.

-Шығармашылық байқауға еңбектерін жіберген жастардың жұмысын көріп шықтық. Өз басым қырыққа жуық арнауларды тыңдап,  25 видеороликтермен таныстым. Әрқайсын әріптестерімізбен бірге  сараптап шықтық. Абсолютті қазылар жоқ дейді ғой. Бірақ, біз  әділетті ұстанымда болдық.  Арнау- белгілі бір рухани тұлғаның болмысын ашуға арналады. Оқушылардың Абайға деген құрметін  балаң көңілмен беруге тырысқаны көңілге қуаныш ұялатады. Ара-арасында талапкерлердің  Абайдың  кейіпіне енген шығармалары да болды. Ең бастысы, хакім Абайдың байқауына қатысуға ынта білдірген жасөскіндердің қадамынан айналдық дейсің.  Абайға тамсанып, Абайға жүгінудің өзі-балалардың үлкен жетістігі деп білемін. Абайдың пайымын қазіргі ақпараттық технология заманымен салыстырған үміткерлердің ойы санаға серпіліс әкеледі. Ең бастысы, Шәкәрімнің Абайға жүгіну идеясын ұстанған қазақ жастарының позициясы өте жоғары,-дейді Е. Бөкетов атындағы  Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жансая Жарылғапов.

Екінші жыл қатарынан онлайн жүйесімен өткізілген сайыстың биылғы жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне барлық  қатысушылар қосылды. Биылғы  жарыстың  бас жеңімпазы -Қазақ Ұлттық университетінің 1-курс студенті Асқар Мағжан  болды. Ал, облыстық Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Мұхамеджан Несібелі I- дәрежелі диломмен марапатталды. Ұлытау ауданының Шеңбер ауылының мектеп оқушысы Сартай Аяла I-дәрежелі, Ақтоғай ауданы, «К.Байсейітова атындағы» мектептің  оқушысы Зекет Әмина III-дәрежелі дилом иегері атанды.  Жүлдегерлер ұйымдастырушылар тіккен ақшалай сыйлық табыс етілді.

Шырайлы шарада облыс өнерпаздары Абайдың сөзіне жазылған біреше әндерді шырқады. Байқауды ұйымдастырған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ж. Бектұров атындағы аймақтық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері  Қарағандыдағы Абай ескерткіші алдына гүл шоғын қойды. Тағлым кешінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қайрат Асқар  ақынға арнаған өлеңін оқыды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 22.10.2021, 19:23
Қуатты өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31