Абайдың Сырт Қасқабұлағы сиыр суатына айналды

19.08.2019, 17:44

6

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуірайында Шығыс өңірге келген сапарында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойынкелесі жылы кеңінен атап өту қажеттігін баса айтқан болатын. Содан бергікезеңде жергілікті атқарушы билік тарапынан бұл бағытта арнайы комиссияқұрылып, бірқатар істер қолға алынып жатқандай көрінеді. Алайда, ақынның туғанжері – Шыңғыстауға жол түскенде көңілді күпті етер жайлар алдыңнан көлденеңдепшығатыны ешкімге құпия емес.

Соның негізгісі– ұлы ақынның кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақтың сиыр суатына айналғаны.Төңіректегі шаруа қожалықтарының сиырлары түгел ағылып келіп, әр тұстан өзіңеқарап тұрғанын көргенде оған қарар бетің болмайды екен. Дәл осы жерде қазақтыңұлы ақыны Абайдың дүниеге келгені туралы дерек жазылған қара тас қойылғалы да (06.04.2004 ж)15 жылдың жүзі болыпты. Алайда,бұл тас негізгі белгідей көрінетінін іштей мойындағаныңмен, сипағанды білмейтінсиырлардың сиқына қарап, ұлылықты сыйлаудың құны қалмай бара жатқандай әсерқалдырады екен.


Көбен көргенжайға байланысты ШҚО әкімінің орынбасары Әсем НҮСІПОВАҒА хабарласқанымызда өзініңде жақын арада Шыңғыстауға келіп қайтқанын айта келіп, бұл сапары туралы«Фейсбуктегі» парақшасында баяндағанын мәлімдеді. Абай тойына қатысты қандайауқымды мәдени іс-шаралар өтетіндігі жоспарланып отырғанын оқырмандарымен бөліскенӘсем Бекқызы осы сапарына сәйкес ойын былайша өрбітіпті:

«… Абайдыңтуған жері Сырт Қасқабұлақ пен Құнанбай әулеті жатқан Ақшоқы қорымына бардық,онда бірлесе нысандарға республикалық маңызы бар дәреже беру және Абайғақатысты барлық нысандарды Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи – мәдени жәнеәдеби-мемориалдық қорық мұражайымен біртұтас ету, аумақты қайта жөндеу,абаттандыру жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Бұл ұсыныс ҚР Мәдениет және спортминистрлігі жанындағы ескерткіштерге республикалық мәртебе беру бойынша арнайыкомиссия қарауына жолданатын болады. Сондай-ақ, Абай ауданының әкімі ЖарқынбекБайсабыров қатысушыларға осы нысандарды қайта жаңарту жөніндегі жобалардыұсынды, алдағы жұмыстардың эскиздері мен сметалары дайындалған, оларды міндеттітүрде ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарап, мақұлданғанжағдайда республикаға жіберіледі.» депті облыс әкімінің орынбасары. Тағы бір белгілісі – Семей және Абайауданындағы нысандарды және Абай ауданының жолдарын жөндеу қолға алынады екен. «Атаулыкүнді атап өтуге облыстық бюджеттен 561 млн.теңге бөлу жоспарланып отыр» дейдіӘсем Бекқызы. 


Былай қарасаң,бәрі де әп-әйбәт, әдемі ұсыныстар. Алайда, келесі жылдың дәл осы тамыз айынадейін бұл жоспарларды толығымен орындауға уақыт жете ме? Мәселе сонда ғой.Ұсыныстардың мақұлданып, қаралатын «ауы мен бауы» тағы бар. «Ақ киімді денелі,ақ сақалды» (Абай) қыс келгенде құрылыс жұмыстары қалайша жүргізілмек? «Жазғытұрым»уақытта басталғанда, бәрі де ұрандатқан деңгейде өте шықпасына қандай      кепілдік бар? Осы сауалға жауап іздепАбай ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Тәттібековті сөзге тарттық.

-Әзіргежобаларды жасап қана жібердік. Жұмыстарды жаңа ғана бастап отырмыз. Абайдыңкіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақтың басын абаттандыруға 22 млн теңге, АқшоқыдағыҚұнанбай зиратын жөндеуге  27 млн. теңге  қаражат бөлінуін жобалап, ұсыныстарымыздыжібердік. Мұндай қаражатты аудан бюджеті көтермейді, сондықтан, облыстық,республикалық деңгейде қаралып, құжаттамалыр әзірленіп, заңдастырылып барыпшешілуі тиіс,-дейді аудан әкімінің орынбасары Б. Болатұлы.  

Аудан әкімініңорынбасарының сөзіне сүйенсек, Сырт Қасқабұлақ тарихи-мәдени ескерткіштертізіміне енуі керек. Ол үшін де заңдастыру жұмыстары жүргізілуі қажет екен.

Қалай десек те бір жылға таяу ғана уақытқалды. Президент Тоқаев ақын тойын ойдағыдай өткізуге тапсырма беріпкеткенімен, жергілікті шенеуніктер бір-біріне жалтақтап, қас-қабағын барлауданарыға бара алмай жатыр әзір. 

Сиырлар болса, суат басын сіміріп жатыр...


Фото автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:59
Тендер "ұтып бергіш" алаяқ ұсталды
Сайт әкімшілігі 15:07
Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13