12.07.2019, 18:01
149
«Ол еңбекжолында Астана қалалық сотының бас маманы, Премьер-Министрдің сыртқыбайланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, Премьер-МинистріХатшылығының бас сарапшысы, Премьер-Министрі Өңірлік даму бөлімінің басконсультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарған. Осы уақытқа дейін Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысыныңорынбасары – хатшылық меңгерушісі қызметін атқарып келді»,- делінген Шымкентқалалық әкімдігінің таратқан ресми ақпаратында.
Шымкентте коммуналдық салада шешілмеген проблема көп.Қаланың Абай, Қаратау ауданындағы көптеген елдімекендер, көшелер жарықты әлі күнгежекеменшік трансформаторлардан алады. Ауыз су тартылмаған мөлтекаудандар дабар. Жолдың «жыры» айтпаса да белгілі. Мегаполистің коммуналдық шаруаларын осысалада бір күн істеп көрмеген, немамандығы, не жұмыс тәжірибесі сәйкес келмейтін, өмір бойы жайлы кабинеттеншығып көрмеген шенеунік шырқ үйіріп кете ме? Шымкент қазір түрік, ағылшынтілінен гөрі коммуналдық саланың тілін білетін басшыға зәру болып тұр емес пе?
Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылықбасқармасына былтыр тамызда Нұрлан АМАНҚҰЛОВ тағайындалған. Ол ұзақ жылдар кеден органдарында қызмететкен. Соңғы жылдары Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары болған.Уақтысында «Жас алашта» осы жөнінде «Кеденшіден коммуналшы шыға ма?» деген тақырыппенмақала да жарияланған еді. Коммуналдық салада тәжірибесі жоқ шенеунік бір жылғажетпейтін уақыттың ішінде не тындыра алғанын кім білсін. Тез арада ауысыпкеткеніне қарағанда өзіне артылған сенімді ақтай алмаған сияқты. Бірақ Н.Аманқұловжұмыссыз қалған жоқ. Ол осыдан бір апта бұрын қалалық мемлекеттік сатып алубасқармасының басшысы қызметіне ауысып кеткен еді.
Ал енді заңгер, экономистен коммуналшы шыға ма? А.Әли бұл орында қанша уақыт отырады?
Фото: mix.tn.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР