24.07.2019, 17:27
102
Шымкентте қайтыс болған үш жастағы қыздыңөлімінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Шымкенттің әкіміҒабидолла ӘБДІРАХЫМОВ осылай деді. Ол бүгін қайтыс болған сәбидің шаңырағына барып,ата-анасының қайғысына ортақтасып қайтты.
— Осыдан 3 күн бұрынқаламызда қайғылы оқиға орын алды. Аулада ойнап жүріп, 3 жасар Кәусар әкесініңартынан барамын деп өздерінің көршісімен бірге әкесі отырған жаққажүреді. Қоршауды секіріп өтпекші болып, кішкентай Кәусарды жетектеген көршісіоны қолынан түсіріп алды. Талып қалған баланы көріп, көршісі қорқып, кішкентайды сол жерде қалдырып кеткен. Қылмыс жасаған азаматқа қатысты іс қозғалып,қамауға алынған.
— Іс-сапардан келісімен оқиға орнына барып,мән-жайдың барлығын анықтадым. Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған.Кәусардың ата-анасына көңіл айттым, сынсағатта бекем болуғашақырдым. Кәусардың жатқан жері жарық болып, Алла алдынан жарылқасын! Әр бала біз үшін қымбат. Сәбилеріміздіңқауіпсіздігіне бәріміз жауаптымыз. Құрметті қала тұрғындары, балаларымыздысағат сайын бақылап қадағалап жүрейік! Әкімшілік және қала полициясытиісті жұмыстарды күшейтеді. Бүгін осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізіп,тапсырма беремін, — деп жазды бүгін өзініңинстаграмдағы парақшасында Ғабидолла Әбдірахымов.
3 жастағы Кәусардың мәйіті Шымкенттегі май зауыты аумағындағы ескі гараждардың бірінен табылған. Алғашқыда қыздың зорлықпен өлтірілгені, бір күдіктінің іздестіріліпжатқаны туралы ақпарат тараған. Бірақ кейіннен сараптама қорытындысыКәусардың денесінде зорлық белгілерінің жоқтығын анықтап берді.
Фотоны автор ұсынды
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР