Әбішев ісі: Асылжан Жампозовқа қысым көрсетілген

31.10.2019, 16:45

97


Елордада ауданаралық сотта қаралып жатқан Ислам ӘБІШЕВпен Серік ТҮКИЕВ ісінде куәгерлерді тыңдау одан әрі жалғасып жатыр. 30 қарашакүні сотқа куәгер ретінде шақырылған 2017 жылы Әбішев ісіне қатысы бар депайыпталып, соңында өзін атып өлтірген азамат Өмірбек ЖАМПОЗОВТЫҢ баласы АсылжанЖАМПОЗОВ жауап беруге келген. Алайда тергеушіге берген жауап парағыныңкөшірмесін сұратып, адвокаттар сұрағына жауап бере алмаған куәгерге судья ҚажымұқанМЕКЕМТАС «шындықты жасырмай айтыңыз, әйтпесе жазаға тартыласыз» дегенсоң барып мән-жайды баяндады.

-Тергеушілергежауап бергенімде, екінші тергеуші келіп жауап берген қағазымды алып жыртыптастады. Содан соң дайын тұрған жауапқа мәжбүрлеп қол қойдырып, «жаттапал, сотта осы жауапты айтасың» деді. Анам мен балаларым үшін қорқамын.Ұлттық бюроның адамдары хабарласа береді, мен телефон көтермеймін. Телефоныма«еркекше сөйлесейік» деп хабарлама жазып жіберді, — деді куәгерЖАМПОЗОВ.

Одан соң судья мен сот хатшысының қолы қойылған сотқашақырту қағазын белгісіз адамдар анасы мен туыстарының үйіне апарып таратқанын,соның кесірінен анасы ауырып жатқанын да куәгер жеткізіп отыр. Өз кезегіндесудья жеке басының қауіпсіздігі үшін азамат Жампозовқа шағым түсіруге құқылыекенін айтып, арызын қабылдады.

 - Кінәсіз, өрімдей жас балаларды іскеараластырғанша, бізді өлтіре берсеңіздер рұқсат, — деп сот залында ашуланғанИслам АЛМАХАНҰЛЫНА сот төрағасы ескерту жасады.


Бүгінгі сот отырысында куәгер ретінде шақырылған, ИсламӘбішев пен Серік Түкиевтің үстінен шағымданған Шаймерденовтің жауабы тыңдалды.Тергеушілерге мемлекеттік тілде жауап берген азамат, сотта аяқасты қазақ тілінбілмейтін боп шыққан ол аудармашы көмегіне жүгінді. Дегенмен, дұрыс жауапқатпай, дауысын бәсеңдетіп сөйлегені үшін судьядан ескерту алса да Шаймерденов«Ислам Әбішев менен ақша сұрап бопсалады, қалғанын білмеймін» деуменшектелді. Оған қоса ол «Асылжан Жампозов Әбішевтің адамы, кешегі айтқаныөтірік» дейді. Сотталушылардың адвокаттары іске байланысты сұрақтар қойып,нақты жауап беруін сұрағанда прокурор Сүлейменов «тергеушіге толық жауапберген» деп, куәгердің жауабын оқып беріп отырды. Өз кезегінде адвокаттармемлекеттік айыптаушыға куәгерге көмектесіп отыр деп судьяға шағым берді.


— 2019 жылы 7наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел іздестіруқызметкерлері «Астанадан Шымкентке ұшатын ұшаққа Әбішев отырады. Сонымен біргебарасың деп диктофон тақты. Іске қажетті дәлелдерді анықтау үшін әңгімеге тарт»деді. Олардың 2-3 адамы да менімен бірге мінді. Әбішевпен қысқа ғанаәңгімелестік. Шымкентке келген кезде диктофонымды жедел іздестіру өкілдерішешіп алды, — дейді Шаймерденов.

Адвокаттар іс бойынша 15-томның 22 бетінде көрсетілгендиктофонға 21 маусымда шығарылған сарапшы зерттеуін жариялады. Онда ШаймерденовСерік Түкиевке беретін 10 миллионы жайлы Әбішевке айтқан кезде, Әбішев"қайдағы 10 миллион" деп сұраған. Ал «Серік Түкиевтің банктегішотын білмеймін, қолма-қол берем деп айттым» деген куәгер Шаймерденовбіраз оқиғаларды ұмытып қалдым деп ақталды. Адвокаттар осы жағдайдан кейінЖампозовқа қысым көрсетіп, Шаймерденовке болысып жүрген Ұлттық бюроның Жәрдем ИСМАҒҰЛОВатты қызметкері екенін айтты.

Сот отырысының ушығып, техникалық ақаулардың шығуынабайланысты судья сот отырысын ертерек аяқтады. Келесі сот отырысына куәгерШаймерденов жауабының толық болмауына орай кезекті рет шақырылды.

Ислам Әбішевтің адвокаты Абзал ҚҰСПАНҒА Әділетминистрлігінен екінші рет құжаттар мәселеге байланысты адвокаттық лицензияңыздытартып аламыз деп хаттама келіп отырғанын адвокаттың өзі соттан кейін баяндады.Адвокат келесі сот отырысына қатыспауы мүмкін.

Фотоларавтордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51