Әбішев ісі: куәгер Шаймерденовті "алаяқ" деп кінәлады

24.10.2019, 18:48

63

Бүгін Елордадаауданаралық мамандандырылған сотта қаралып жатқан Ислам Әбішев пен СерікТүкиевтің ісіне байланысты кезекті отырыс өтті. Бұл жолы сотқа Дүниежүзілікқазақ күресі федерациясының вице-президенті болған Серік Адамұлының жақтастарымен шәкірттері көптеп жиналғанын аңғардық. Судья Қ.Мекемтас куәгерлердітыңдауды одан әрі жалғастырып, «АТФ» Банк өкілі Жанар Қарамурзинанышақыртты.

— Серік Түкиев пенДүниежүзілік қазақ күресі федерациясының есепшоты «АТФ» Банкіндетіркелген. Ашық айтсам, біздің тұрақты клиентіміз. Түкиев жыл басында (қай айекенін есіне түсіре алмады) өз шотынан 20 мың доллар алды. Тергеушіге қаржыжөніндегі барлық деректерді бергенмін. Менің туысым екені жасырын емес. Біраққаражаттарын қандай мақсатта жұмсайтынынан хабарсызбын, — деді ол.

Одан кейін сотқақатысушылар Шаймерденов атты (Ислам Әбішевке пара бергісі келді делінген)азаматпен қызмет бабында араласқан Құнанбай Шыңдәулетовты тыңдады. Шымкентқалалық сотынан тікелей эфир арқылы куәлік берген азамат Шаймерденовты алаяқдеп кінәлап отыр:

— АзаматШаймерденовпен 2018 жылы таныстым. Алғашында маған «сенің жігіттеріңеңбекқор ғой, Солтүстік Қазақстандағы Есілсу деген жерде 2 ауыл сусыз отыр.Қыста болса да жасап тастайық, менің мойнымда тұрған жоба» деп өтінген. Солсекілді талай жобасын жасап бердік. Бірақ барлығында да ақшасын бермеді.Ұрыс-керіссіз берер деп жай сөзбен айтып жүрдім. Одан кейін мені «Астанағақашан келесің?» деп шақыртты. 12 қазан күні келіп, Традициональ қонақүйіне орналастым. 13 қазан күні түс уақытында қонақ үйге келіп, дастарханбасында маған чемодан берді. Қаныбек Әбішевке осыны жеткіз деп тапсырған. Менішін ашқан жоқпын. Сол кезде аяқ астынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің өкілдері келіп сол ақшаны тәркіледі. Шаймерденовтің өзі мағанқыруар ақша қарыз. Сол күйі бермеді. Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтің ісінебайланысты маған тергеушілер келген кезде «мынауың ұят емес пе» депайтқанмын. Ол болса беті бүлк етпестен, «сендер шымкенттіктеросындайсыңдар ғой» деп кетті, — дейді Шындәулетов.

Өз кезегіндемемлекеттік айыптаушы Сүлейменов куәгер Шыңдәулетовтың сөзіне күмәнменқарайтынын жеткізді. Соттың соңында адвокат Абзал Құспан судьяға алдағы уақыттакуәгер ретінде келетін Шаймерденовке байланысты келесідей өтінішін айтты:

— Біріншіден,Шаймерденов 216 бап пен 245 баптың 3 тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады депайыпталған азамат. Өзі қылмыс жасаған адамның сөзіне сенімсіздік танытамыз.Экономикалық қылмыспен күрес сотында айыпталғанын айғақтайтын құжаттарқолымызда бар. 2018 жылдың 6 қарашасында айыпталған азамат 1 айдан кейін ИсламӘбішевтің үстінен арыз жазған.

Екіншіден, олбұрынғы қаржы полициясының қызметкері. Бұрын сол орында істеп, шығып кеттідегеннің өзінде ол азамат әлі сол жұмыс орынында жасырын жасап жүретін жайттаркездеседі. Сол себепті, Шаймерденовтың «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақықорына» (БЖЗҚ) соңғы бір жылда қаржы қандай мекемеден аударылғанынтексеруді сұраймыз.

Үшіншіден,азаматтың телефон нөмерінің кіріс-шығыс қоңырауларын тексеруді сұраймыз. Бұләрекеттердің бәрі тікелей судьяның сұрауымен атқарылады. Ертеңгі күніШаймерденовтың куәгер ретіндегі сөзінің шындығына үңілу үшін бізге осылар қажет,- деді адвокат.

Дегенмен,мемлекеттік айыптаушы Сүлейменов судьядан бұл өтінішті қанағаттандырмаудысұрағанымен сот төрағасы Қ.Мекемтас өтінішті қабылдады. Сот 30 қазан күніжалғасады.

Әбішев ісінеқатысты айта кетер тағы бір мәселе – «Қазақ үні»ақпарат агенттігі 2019-жылдың 7-қазанында «Ислам Әбішевтің адвокаты атышулыіске тапсырыс берушілердің атын атады (видео)» атты журналист СәулеӘбілдаханқызының сұхбатындаайтылған кейбір мәселелерге қатысты терістеме берді. Аталмышсұхбатта Ислам Әбішевтің адвокаты Абзал Құспан бұл іске тапсырыс берушілер депбірқатар лауазымды тұлғаның атын атаған болатын. Олардың қатарында кәсіпкерАрман Шораевтың да есімі аталған.

«Қазақ үні» ақпарат агенттігі аталмышмақаланы теріске шығарып, ондағы деректердің сенімсіз екенін хабарлайды. Мақаладаайтылған жайттар адвокат Абзал Құспанның жеке көзқарасы болып табылады. «Қазақүні» ақпарат агенттігінің редакциясы БАҚ туралы заңғы сәйкес, қарсы тараптың даталабын ескеруді әділетті деп санап, бұл мақаланы сайттан өшіруді дұрыс депшешті» делінген терістемеде.

Фото автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57